Барыс БЖСМ-ге қабылдау туралы ақпарат
31 Шілде 2025

Барыс БЖСМ-ге қабылдау туралы ақпарат

БЖСМ

«Барыс» хоккей клубының балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне кезекті іріктеу кезеңі 2025 жылғы 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өтеді. Мектепке 2020 жылы туған ұлдар шақырылады. Бапкер - Юрий Михайлович Сидоренко.

Сондай-ақ, осы күндер аралығында 2019 жылы туған командаға қосымша қабылдау жарияланады.

Қажетті құжаттар тізімі:

- толтырылған сауалнама және өтініш;

- 3×4 форматтағы екі фотосурет;

- балабақшадан анықтама;

- педиатрдан балаға хоккеймен айналысуға рұқсат етілгені туралы 027 үлгідегі медициналық анықтама;

- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- екі ата-ананың жеке куәліктерінің көшірмелері.

 

15 тамыздан бастап күн сайын сағат 09:00-дан бастап сіздерді Астана қ., Тұран даңғылы 57, «Барыс Аренаның» В блогы мекенжайында күтеміз (егер аренаға тура қарасаңыз, солға бұрылып, «БЖСМ» көрсеткішіне дейін жүресіз).

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс ұпайсыз ойын сериясын тоқтатты

new-preview
Barys

Автомобилист – Барыс матчы алдында

new-preview
Barys

Барыс маусымда үшінші рет Салават Юлаевқа есе жіберді