Номад ойыншылары балаларды оңалту орталығына барып келді
19 Наурыз 2025

Номад ойыншылары балаларды оңалту орталығына барып келді

DSC_1854.jpg

Шабуылшы Даниил Цыбин мен қорғаушы Глеб Лукавенко Халықаралық жасөспірімдер денсаулығы апталығы аясында Ұлттық балаларды оңалту орталығында балалармен кездесті. Ойыншылар ерекше қажеттіліктері бар балалармен әңгімелесіп, кәсіби хоккейдегі тәжірибелерімен бөлісті; салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы айтып, балалардың тезірек оңалуын тіледі. 

Сондай-ақ, балалар алдында ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Олжас Жомартұлы Ақпамбетов сөз сөйледі. Ол Паралимпиада ойындары туралы дәріс өткізіп, қазақстандық паралимпиадашылардың жетістіктері туралы бөлісті. 

Іс-шара естелік фотолармен және хоккейшілердің қысқа сұхбаттарымен аяқталды.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн