Чукреевтің голы Снежные Барсыға жеңіс әкелді
01 Қазан 2026

Чукреевтің голы Снежные Барсыға жеңіс әкелді

«Снежные Барсы» қазан айындағы қысқа өз алаңдағы ойын сериясы аясында Пермь қаласының «Молот» командасын қабылдады. Астаналық клуб қарсыласын овертаймда 5:4 есебімен жеңіп, ойын барысында есепте бірнеше рет артта қалып, жігерлі жеңіске қол жеткізді.

Кездесудің алғашқы кезеңінде есепті қонақтар ашты. Михаил Калашниковтың көтере берген пасынан кейін Давид Мартыненко Богдан Емельянов қорғаған қақпаға шайба енгізді. Алайда көп ұзамай «барыстар» таразы басын теңестірді. Арманжан Қалиевтің алыс бағанаға берген пасын Леонид Ждановский қақпаға дәл бағыттады. Бұл Ждановскийдің «Снежные Барсы» сапындағы алғашқы голы болды. Кезең соңына қарай алаң иелері ойыншысының алаңнан қуылуына байланысты кем құрамда қалды. «Молот» бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, Александр Малышев командасын қайтадан алға шығарды.

Екінші кезеңді Ильгиз Нуриев ойыншылары белсенді бастап, есепті тағы да теңестірді. Спартак Чукреевтің сол жақтағы лақтыру нүктесінен берген пасын Илья Громов Воробьевтің қақпасына дәл бағыттап, шайбаны қақпашының аяқтарының арасынан өткізді. Алайда пермьдік команда көп ұзамай жауап қайтарды. Дмитрий Дубровский Богдан Емеляновтың қақпасына үшінші шайбаны соқты.

Үшінші кезеңнің алғашқы минутында Жахангер Тілеухан алыстан қуатты соққымен Воробьевті қапы қалдырып, есепті 3:3-ке жеткізді. Дегенмен «Снежные Барсы» бірінші болып алға шыға алмады. Александр Ужва пермьдік команданың төртінші шайбасын соқты. Астаналықтар бұл жолы да есепті теңестіріп, Александр Симахин кездесудегі «Снежные Барсы» сапындағы төртінші шайбаны соқты.

Матчтың негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Овертаймда Спартак Чукреев Аристарх Киреевтің пасын сәтті пайдаланып, «Молот» қақпасына жеңіс шайбасын соқты. Бұл қорғаушының МХЛ-дегі алғашқы голы болды.

Енді «Снежные Барсы» пермьдік командамен екінші кездесу күтеді. Ойын ертең сағат 18:30-да басталады.

«Снежные Барсы» - «Молот» 5:4 ОТ (1:2, 1:1, 2:1, 1:0)

0:1 - 03:57 Мартыненко (Калашников, Мельников)
1:1 - 13:56 Ждановский (Калиев)
1:2 - 17:10 Малышев (Ужва, Сизов) АГ
2:2 - 20:45 Громов (Кравченко, Чукреев)
2:3 - 23:24 Дубровский (Малышев, Калашников)
3:3 - 41:18 Тілеухан (Кравченко)
3:4 - 43:30 Ужва (Калашников, Стрик)
4:4 - 51:35 Симахин (Баланчик, Нұржанов)
5:4 - 61:25 Чукреев (Киреев, Умеренков)

Қақпашылар: Емельянов - Воробьев

Матч статистикасы:

Соққылар: 51-37
Қақпаға дәл бағытталған соққылар: 28-20
Беттестірулер: 23-27
Блокталған соққылар: 11-10
Күш қолдану: 14-8
Айып уақыты: 6-6

«Барыс Арена», 165 көрермен.

2026-10-02 01.28.36.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Жас Қыран академиясының тәрбиеленушілері Барыстың жастар командасын қолдады

new-preview
Барыс

Барыс оңтүстік астанадан төрт ұпай алып қайтты

new-preview
9 фото
Барыс

Алматы - Барыс