Джейк Масси Барыспен екі маусымға келісімшартын ұзартты
23 Мамыр 2026

Джейк Масси Барыспен екі маусымға келісімшартын ұзартты

«Барыс» канадалық қорғаушы Джейк Массимен келісімнің жалғасатынын хабарлайды. Біржақты келісім 2028 жылдың 31 мамырына дейін, екі маусымға есептелген.

Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы маусымының өзінде Масси «Барыстың» үздік 5 сұрмергендердің қатарына енді (8 шайба және 17 нәтижелі пас). Сонымен қатар, ол командадағы ең үздік пайдалылық көрсеткішіне (+5) және соққыларға тосқауыл қою бойынша (123) көш бастады. Джейк бір матчта орта есеппен 20 минут 43 секунд мұз айдынында өткізді, бұл «Барыстағы» екінші нәтиже.

Леонид Метальников, «Барыс» клубының бас менеджері

- Нарықта оған үздік клубтар тарапынан үлкен қызығушылық болды. Алайда біздің негізгі қорғаушымыз әрі пайдалы әрекет көрсеткіші бойынша көшбасшымыз командада қалады. Джейк - қорғаныс шебіміздің аса маңызды бөлігі. Ол тек өзі жоғары деңгей көрсетіп қана қоймай, командаластарының да дамуына ықпал етті. Мұны өткен маусымда Самат Даниярдың Джейкпен жұпта ойнап, өз ойынын жаңа деңгейге көтергенінен байқауға болады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

jake.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі