Симоновтың дублі Барысқа Екатеринбургте жеңіс әкелді
16 Желтоқсан 2025

Симоновтың дублі Барысқа Екатеринбургте жеңіс әкелді

Бірінші арна кубогының өтуіне байланысты болған үзілістен кейін «Барыс» Екатеринбургте матч өткізді. «Автомобилистке» қарсы ойында астаналықтар 13 шабуылшы (құрамға Кирилл Панюков оралды) және 6 қорғаушымен ойнады.

Алғашқы кезең тартысты күресте өтті, қауіпті сәттер аз болды. Командалар бір-бір реттен артықшылықта ойнағанымен, бірінші үзіліске дейін экрандағы нөлдер өзгерген жоқ.

Есеп екінші кезеңнің басында ашылды. Самат Данияр қарсыластың аймақтан шығу кезінде шайбаны сәтті тосып алып, кейін Семён Симоновты дәл соққы жасауға шығарды. Ал кезеңнің соңына қарай Кирилл Панюков пен Мэйсон Морелли бортта жақсы жұмыс істеп, Майкл Веккьоне үшін кеңістік жасап берді. Қонақтардың 88-нөмірлі ойыншысы шайбаны қақпаның алыс «тоғызына» дәл бағыттады.

Қорытынды кезеңнің ортасында Максим Осипов артықшылықты пайдаланып, «Автомобилистің» үмітін қайта тірілткендей болды. Алайда бір минут өтпей жатып Данияр – Симонов байланысы тағы да нәтижелі шықты. Семён осы маусымдағы екінші дублін рәсімдеді. Ойынның соңында уралдықтардың бапкерлер штабы қақпашыны алтыншы алаң ойыншысына ауыстырып, екі шайбалық айырманы қысқартуға тырысты. Дегенмен шешуші шабуыл жүзеге аспады – Макс Уиллман Мэйсон Морелли шайбаны сыртқа шығарғаннан кейінгі эпизодты соңына дейін жеткізіп, бос қақпаға дәл көздеді. Андрей Шутов матчты 33 сейвпен аяқтады.

18 желтоқсанда қазақстандық ұжым Мәскеуде «Динамомен» кездеседі.

«Автомобилист» - «Барыс» 1:4 (0:0, 0:2, 1:2)

0:1 - 25:58 - Симонов (Данияр)

0:2 - 37:26 - Веккьоне (Морелли, Панюков)

1:2 - 50:21 - Осипов (Буше, Каштанов) АГ

1:3 - 51:31 - Симонов (Данияр, Томпсон)

1:4 - 57:45 -  Уиллман (Морелли) БҚ

Қақпашылар: Галкин - Шутов

«УГМК Арена». 7 795 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

018 - 16_12_25 - 19_19_56 - Kinzabaeva.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
10 фото
Барыс

Барыс - Кулагер

new-preview
Барыс

Барыс жастар командасы Құлагерді ойсырата жеңді

new-preview
10 фото
Барыс

Барыс - Кулагер