Шипилин мен Ляпуновтің дебюттік голдары Барысты жеңілістен құтқармады
15 Ақпан 2025

Шипилин мен Ляпуновтің дебюттік голдары Барысты жеңілістен құтқармады

DSC_0681.jpg

«Барыстың» өз айдынындағы матчтар сериясы аясындағы кезекті қарсыласы «Лада» командасы болды. Астаналық команда құрамына Антон Бурдасов пен Виктор Антипин қайта оралды.

Ойынның алғашқы кезеңінде басымдық кем дегенде айқын үш гол соғуға боалтын шабуыл жасаған айдын иелерінде болды. Алайда «Лада» қорғанысы сыр бермеді, Александр Трушков сенімді ойнады. Екінші жиырма минуттықта «Барыс» өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра бастады, сөйтіп екі бірдей жас ойыншы ҚХЛ-дағы дебюттік голдарын соқты. Мстислав Шипилин көк жолақтың бойынан дәл соққы жасаса, Кирилл Ляпунов қақпа алдында сәтті ойын өрнегін көрсетті. Кезең соңына таман Никита Бояркин жарақат алып, кездесуді әрі қарай жалғастыра алмады. Осылайша, матчтың 25-минутынан бастап қақпаны Юхан Маттссон қорғады.

Матчтың шешуші бөлігінде Антон Бурдасовтың артық құрамдағы ойын кезінде жасаған соққысы қақпа бағанасына тиді. Әрі қарай тольяттиілік команда ойын барысын өз жағына қарай бұра алды. Михайлов дубль авторы атанса, Игорь Ожгихин жеңіс шайбасын соқты. Ал Дмитрий Кугрышев айдын иелерінің бос қақпасын дәл көздеді. 17 ақпанда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері өз айдынында «Металлургті» қабылдайды.

«Барыс» - «Лада» 2:4 (0:1, 2:0, 0:3)

0:1 – 10:56 – Михайлов (Неколенко)

1:1 – 23:54 – Шипилин (Сетдиков, Жафяров)

2:1 – 25:58 – Ляпунов (Хохлов, Антипин)

2:2 – 50:39 – Михайлов (Юртайкин, Неколенко)

2:3 – 58:03 – Ожгихин (Романов)

2:4 – 58:32 – Кугрышев (Алтыбармакян) БҚ

Қақпашылар: Бояркин (Маттссон, 24:14-60:00) – Трушков

«Барыс Арена». 3 798 көрермен

    DSC_0648.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
42 фото
Barys

Барыс 3х3 | 13 тур | 1 күн

new-preview
Barys

Барыс – Ақ Барс матчы қарсаңында

new-preview
Barys
Nomad

Номад ойыншылары балаларды оңалту орталығына барып келді