«Барыс» ресми түрде Дамир Жафяровпен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдейді. Ресейлік шабуылшымен жасалған біржақты келісімшарт бір маусымға 2025 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.
Жафяров Құрлықтық хоккей лигасында шамамен 650 матч өткізген. Әр жылдары ол новокузнецкілік «Металлург», Новосібірдің «Сібір», «Торпедо» және СКА командалары сапында өнер көрсетті. Дамир өткен маусымды «Ақ Барста» бастап (16 ойында 1+1), артынша «Авангард» құрамын толықтырды (плей-оффта қоса алғандағы 37 матчта 4+15).
Дамир Жафяров
Туған күні: 17.03.1994 (30 жаста).
Амплуа: шабуылшы.
Бойы: 174 см.
Салмағы: 77 келі.
Ойын таяғын ұстауы: солақай.
Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері:
- Жафяров таныстыруды қажет етпейтін ойыншы. Оның ойын мәнері мен қасиеттері Дэвид Немировскиге жақсы таныс, өйткені ол «Торпедода» бас бапкер болғанда, Дамир команданың көшбасшы ойыншыларының бірі болған еді. «Барыста» да ол жетекші әрі нәтижелі ойыншылардың бірі болады деп сенеміз.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.