Тұрақты чемпионаттың соңғы үй матчында «Барыс» «Адмирал» командасын қабылдады. Астаналықтардың бапкерлік штабы құрамға Батырлан Мұратовты қайта қосты. Қақпаны матчтың алғашқы минуттарынан бастап Никита Бояркин қорғады.
Алаң иелері есепті екінші ауысымда-ақ аша жаздады, алайда екінші бестіктің жойқын шабуылынан кейін шайба Иван Кульбаков қорғаған қақпа сызығынан өтпей қалды. Біраз уақыттан соң Томпсонның үштігі өз дегеніне жетіп, Тайс шайбаны торға дәл бағыттады. Осылайша «Барыстың» 9-нөмірлі ойыншысы ұпай жинау сериясын бес матчқа, ал гол соғу сериясын үш ойынға дейін ұзартты. Қонақтар үзіліске аз уақыт қалғанда жауап қайтарды – гол авторы Кайл Олсон болды. Ал екінші кезеңнің басында Никита Ефремов «Адмиралды» алға шығарды.
Қорытынды кезеңде Олсон дубль авторы атанды. Приморлықтар елордалық жанкүйерлерді бесінші рет Егор Чезгановтың голымен қапалантты. 54-минутта Әлихан Әсетов артықшылықта, қосымша алаң ойыншысымен ойнаған сәтте есеп айырмасын азайтты. Алайда соңғы сөз қонақтар жағында қалды. Дмитро Тимашов қарсыластың бос қақпасына шайба соқты.
18 наурыз күні Михаил Кравец ойыншылары Новосібірде «Сібір» командасымен кездеседі.
«Барыс» - «Адмирал» 2:6 (1:1, 0:2, 1:3)
1:0 – 04:40 – Томпсон (Мұратов, Уиллман)
1:1 – 16:48 – Олсон (Основин, Завгородний)
1:2 – 22:21 – Ефремов (Старков)
1:3 – 28:02 – Сошников (Солянников, Ефремов)
1:4 – 46:54 – Олсон (Основин, Завгородний)
1:5 – 52:42 – Чезганов (Шепелев)
2:5 – 53:29 – Әсетов (Уолш, Веккьоне) АГ
2:6 – 59:50 – Тимашов (Усманов) БҚ
Қақпашылар: Бояркин – Кульбаков
«Барыс Арена». 7 964 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.