Барыс буллиттер сериясында Амурға жол берді
31 Қаңтар 2026

Барыс буллиттер сериясында Амурға жол берді

Қаңтар айындағы соңғы матчта «Барыс» Хабаровскіде қонақта болды. Биылғы тұрақты чемпионатта үшінші рет астаналықтардың өтініміне қорғаушы Кирилл Никитин енді.

Ұзақ ұшып келгеніне қарамастан, қонақтар ойынды жақсы бастап, бірінші кезеңді лайықты деңгейде өткізді. Эпизодтардың бірінде Кирилл Ляпунов қарсыластың қақпа алдындағы аймақта Самат Даниярдың соққысынан кейін сәтті әрекет етіп, есеп ашты. «Барыстың» 29-нөмірі үшін бұл шайба маусымдағы алғашқысы әрі ҚХЛ-дегі жалпы екінші голы болды.

Екінші жиырма минуттықта Кирилл Петьковтың қауіпті қарсы шабуылы есте қалды. Бұл сәтте алдымен Никита Бояркин шпагатта жатып қарсыластың соққысын қайтарды, ал бір мезеттен кейін Әлихан Әсетов шайбаны қақпа сызығынан шығарып үлгерді.

Қорытынды кезеңнің басым бөлігінде қазақстандықтар қорғаныста ойнады, ал матч соңында «Амурдың» қысымы өз нәтижесін берді – Ярослав Лихачёв сол жақтағы аймақтан соққы жасап, Никита Бояркинді қапы қалдырды. Нәтижесінде ойын тағдыры буллиттер сериясында шешіліп, дәлдігі жоғары болған «жолбарыстар» жеңіске жетті. 2 ақпанда «Амур» мен «Барыс» Хабаровскіде екінші ойынын өткізеді.

«Амур» - «Барыс» 2:1 Б (0:1, 0:0, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 09:25 – Ляпунов (Данияр, Симонов)

1:1 – 57:04 – Лихачёв (Рыков, Гальченюк)

2:1 – 65:00 – Броадхёрст Б

І Дорожко (Кобозев, 65:00-65:00) - Бояркин

«Платинум Арена». 7100 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

_N3A9691.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімінде

new-preview
11 фото
Tomiris

Томирис - Грация

new-preview
Tomiris

Томирис Грацияны құрғақ есеппен жеңді