Ақпан айындағы үй сериясы аясында «Барыстың» екінші қарсыласы «Лада» болды. Ойын құрамына Мэйсон Морелли қайта оралды, ал жарақатына байланысты Ансар Шайхмедденов тізімнен тыс қалды. Жетінші қорғаушы позициясында Дмитрий Бреус Кирилл Никитинді алмастырды. Негізгі қақпашы міндеті Никита Бояркинге сеніп тапсырылды.
Тольяттилік ұжым матчтағы есепті бастапқы шайбаны лақтырғаннан кейін 83 секунд өткен соң ашты. Андрей Чивилёв оң қапталмен жеке шығып, алыстағы бұрышқа дәл соққы жасады. Алайда бұл эпизод алаң иелеріне серпін беріп, үзіліске дейін Иван Бочаров қорғаған қақпаға үш шайба соғылды. Алдымен Иэн Маккошен «Ладаның» голы кезіндегі қателігі үшін есесін қайтарды. Одан кейін Кирилл Панюков шеңбердің жоғарғы нүктесінен дәл соққы жасады, ал Семён Симонов артықшылықтағы мүмкіндікті тиімді пайдаланды.
Екінші кезеңде Александр Лукин қарсыластың өз аймағындағы қателігін пайдаланып, қонақтардың есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен астаналықтар ойын тізгінін жібермей, бастаманы өз қолында ұстады. Қорытынды кезеңде Райли Уолш маусымдағы оныншы шайбасын соғып, есепті 4:2-ге жеткізді. Бір минуттан соң Майкл Веккьоне шайбаны маңдайшаға тигізді. Артынша Макс Уиллман мен Тайс Томпсон аз құрамда нәтижелі қарсы шабуыл ұйымдастырды. Әйтсе де Тайлер Граовац артықшылықтағы мүмкіндігін пайдаланды. Кездесу соңында қонақтар қос айып уақыты кезінде тағы мүмкіндікке ие болды, алайда Барыс қателікке жол берген жоқ.
17 ақпанда Михаил Кравец ойыншылары өз айдынында «Металлургті» қабылдайды.
«Барыс» - «Лада» 5:3 (3:1, 0:1, 2:1)
0:1 - 01:23 - Чивилёв
1:1 - 05:39 - Маккошен (Әсетов, Панюков)
2:1 - 12:48 - Панюков
3:1 - 14:35 - Симонов АГ
3:2 - 34:17 - Лукин
4:2 - 45:37 - Уолш (Қайыржан)
5:2 - 48:32 - Томпсон(Уиллман, Бояркин) АГ
5:3 - 49:51 - Граовац (Чивилёв, Коттон) АГ
Қақпашылар: Бояркин - Бочаров
«Барыс Арена». 6 711 көрермен.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.