"Барыс" пен "Торпедо" арасындағы қарсыластықта Нижний Новгородтың ұжымы жеңіске жетті.
Кездесу Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілерді еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.
Бастапқы бөлік қонақтардың иелігінде болды, олар шотты да үзіліске аз қалғанда аша алды. Владислав Фирстов алға ұзап шығып, Андрей Шутовты жеңе алды. Екінші кезеңнің басында "Барыс" жүз пайыздық сәтке ие болды, бірақ Рудольф Червени лақтырғаннан кейін шайба штангаға соғылды. Бір минуттан кейін Егор Виноградов өзінің мүмкіндігін пайдаланып, "Торпедоның"артықшылығын нығайтты. Батырлан Мұратов қажетті уақытта дұрыс жерде болып, соңғы үшінші бөлік басында астаналықтарды ойынға қайтарды. Матчтағы соңғы шабуылдардың бірінде Червени тағы штангаға соқты, содан кейін қақпашыны алтыншы ойыншыға ауыстыру еш нәтиже бермеді.
31 Қазанда көшпелі серияда Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттері "Металлургпен"ойнайды.
«Барыс» – «Торпедо» 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)
0:1 – 15:34 – Фирстов (Орлов, Марин)
0:2 – 26:40 – Виноградов (Фирстов)
1:2 – 43:49 – Мұратов (Савицкий)
Қақпашылар: Шутов – Хуска
«Барыс Арена». 6529 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
"Барыс" ХК серіктесі - "Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры" КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.