Барыс – Торпедо. Бапкерлердің пікірлері
29 Қазан 2023

Барыс – Торпедо. Бапкерлердің пікірлері


"Барыс" - "Торпедо" (1:2) матчынан кейін командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.


DSC_2884.JPG

Игорь Ларионов,"Торпедоның" бас бапкері

- Көрермендерге жақсы атмосфера үшін алғыс айтқым келеді. Олар қиын болған екі кезеңнен кейін өз командаларын қолдады. Команда ойынға қайта оралды және біздің команданың нәтижесі тұрғысынан ойынның аяқталуы өте қатты жүйкеге тиді. Екінші жағынан, жігіттерімізді, жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтағым келеді. Біздің көшпелі ұзақ сериямыздың басталуы, сондықтан біз жеңістен бастағанымызға қуаныштымыз.

- Неліктен үшінші кезеңде Сіз қарсыласыңызға ойынға "оралуға" мүмкіндік бердіңіз?

- Біз жанкүйерлерді жалықтырмаймыз. Біз қандай да бір себептермен ойында барлық үш кезеңде адамдарды қызықтыруға мүмкіндік береміз. Негізінде біз жақсы командамыз. Бастаған істі сенімді түрде жеңісті соңына дейін жеткізу керек. Бірақ, өкінішке орай, жігерлілік пен фокус аздап жоғалады. Бұл қарсыластар үшін қажет нәрсе, егер сіз аздап қателіктер жібере бастасаңыз, содан кейін ол голға айналады. Мен қазір Адам Хуску туралы айтып отырған жоқпын, бірақ тұтастай алғанда біз жігерлілікті, сенімділікті жоғалттық. Біртұтас ойын болмай қалды, сондықтан "Барысқа" ойынға қайта оралуға, сәттерді пайдалануға мүмкіндік бердік. Жалпы, егер матчты толық бағалау туралы айтатын болсақ, онда біз жақсы матч өткіздік.

- Осындай қарқынды кесте кезінде команданы қалай қайта жұмылдыруға болады?

- Біз қазіргі таңда қалыптасқан күнтізбені еш өзгерте алмаймыз. Біз күнтізбені сылтау ете алмаймыз. Сондықтан біз әр ойыншының ойын уақытын мөлшерлеуге тырысамыз. Біз жаңадан бастағандардың ең жақсы қасиеттерін қайдан шығара алатынымызды қараймыз. Біздің команданың ерекшелігі - біз барлығын шешетін бір буынға сүйенбейміз. Бізде мұзға шыққан барлық адамдар командаға өз үлестерін қосады. Бүгінде басқа буын ерекшеленді: Виноградов, Ян және Фирсов. Олар екі гол соқты. Өткен ойында жастар нәтиже берді. Біз ешкімді ойын уақытымен шектемейміз, әр ойыншыға өзін көрсетуге мүмкіндік береміз. Әр ойыншының өзін команданың маңызды бөлігі ретінде сезінуі өте маңызды.


DSC_2891.JPG


Ғалым Мамбеталиев,"Барыс" бас бапкерінің міндетін атқарушы

- Ең алдымен қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтқым келеді. Бұл бүкіл Қазақстан үшін қайғылы оқиға. Бүкіл команда қайғырып көңіл айтады.

Ойын бойынша: қарсы шабуылды жіберіп алды, ол туралы талқыланған, көрсетілген болатын. Арт жақтан шабуылшы ашылып, бірінші голды жіберіп алды. Екінші гол, осындай сәттерді де талқыладық, шабуылшылар көмектеспеді, бестікке төмен түсу керек болды, ақыры соғылды. Тек сол жерде болды, былайша айтқанда. Үшінші кезеңге көбірек қарқынмен шықтық. Барлық кезеңдер негізі жаман болған жоқ, тек сәттерді жүзеге асыру керек. "Екіді бір" сәттерінен төртеу болды, кем дегенде біреуінде гол соғу керек. Үшінші кезеңде қысымға түсіруге мүмкіндік болды, жаман ойнаған жоқпыз. Қозғалыс бойынша команда әзірге ұнайды, әлі де қосамыз.

- Бірінші кезеңде команда қарсылас команданың қақпасына жалпы екі рет лақтыра алды. Неліктен бұлай болды?

- Күшті бастайтын командалар бар және бұндай шабуылға тосқауыл қоя білу керек. Оларды осы ойынға араласуға мәжбүрлеу керек. Жігіттер алдымен қорғаныста көбірек ойнады, содан кейін сәттер пайда бола бастады. Менің ойымша, дұрыс ойнадық, алғашқы минуттарда жіберіп алмау керек болатын.

- Бүгін өтінімде Кирилл Полохов болған жоқ, оның жоқтығына түсініктеме бере аласыз ба?

- Бүгін конькимен сырғанау кезінде ол аяғын кесіп алды, тікті, төрт тігіс қойды. Аяғы ісіп кетті, коньки киіне алмады, ол шыққысы келді, ойнағысы да келді. Нәтижесінде, бүгін жеті қорғаушы ойнады, Гурковты 13-ші шабуыл қылып киіндірдік.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

"Барыс" ХК серіктесі - "Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры" КҚ



Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Дэвид Немировски - Барыс бас бапкері

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев