Қазан айының алғашқы матчында «Барыс» Мәскеуде «Спартак» командасына қарсы ойнады. Команданың жаңа ойыншылары Станислав Бочаров, Никита Сетдиков пен Илья Хохлов астаналық клуб сапындағы бірінші ойындарын өткізді. Натан Больё жарақатынан айығып, қатарға қосылды.
Кездесу басында қазақстандықтар қатарынан екі рет айып уақытын алды. Екі еселенген айыпты «Спартак» жүзеге асыра алмаса, «Барыстың» бесінші ойыншысы мұз айдынға шыққан бойда Адам Ружичка есеп ашты.
Екінші кезеңдегі айып уақыттарын есепке алмағанда, ойынның бұл бөлігін «Барыстың» еншісіне жазуға болады. Астаналықтар шайба соғатын бірнеше өткір шабуыл ұйымдастырды: екі рет шайба қақпа сызығынан әрі аса алмай қалса, тағы бір рет Патрик Рибарға қақпа бағанасы көмекке келді. Мәскеуліктер болса, өз мүмкіндіктерін еш мүлт жібермеді. Егор Чезганов пен Андрей Миронов снайперлік есептерін толықтырды. Кезең соңына қарай Даниил Апальков айдын иелері қақпасының кілтін тапты. Бұл – 40-нөмірлі жейдедегі шабуылшының биылғы маусымдағы алғашқы шайбасы.
Үшінші жиырма минуттықтың ортасында «Барыс» тағы бір нәтижелі шабуыл жасады. Бұл жолы Даниил Апальков ассистент болып. Антон Бурдасов қақпаның алыс тоғыздығын дәл көздеді. Дегенмен, Буцаев бастаған команда таразы басын теңестіре алған жоқ. Иван Морозов бос қақпаға шайба соғып, таблодағы қорытынды есепті орнатты.
5 қазанда Вячеслав Буцаев шәкірттері Омбыда «Авангардпен» кездеседі.
«Спартак» - «Барыс» 4:2 (1:0, 2:1, 1:1)
1:0 – 07:29 – Ружичка (Вишневский, Пашин)
2:0 – 25:06 – Чезганов (Принс, Миронов)
3:0 – 31:12 – Миронов (Морозов)
3:1 – 38:00 – Апальков (Бурдасов)
3:2 – 50:16 – Бурдасов (Апальков, Бутчер)
4:2 – 57:51 – Морозов (Порядин, Миронов) БҚ
Қақпашы: Рибар – Бояркин
«Мегаспорт» СС. 3792 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.