Өскеменде жастар арасындағы Қазақстан Кубогының шешуші матчы өтті. Кубокты астаналық «Барыс» пен «Торпедо» өзара сарапқа салды.
Тартысқа тол өткен кездесуде күтпеген жерден нәтижелі соққылар да аз болды. Ойынның қорытынды бөлігінің алдында таблодағы көрсеткіш 1:1 болды. Өскемендік Никита Васильевтің дәл соққысына астаналық ұжым сан басымдығы кезінде Даниил Надейкиннің шайбасымен жауап берді. Турнир иелері екінші голы соққанда ойынның шешуші сәті орын алды. Осылайша, «Барыс» жастар арасындағы Қазақстан Кубогының нәтижесінде екінші орынға табан тіреді. Командамыздың қорғаушысы Артём Авдеенко өз амплуасында турнирдің үздік ойыншысы атанды.
«Барыс» - «Торпедо» 1:2 (0:1, 1:0, 0:1)
0:1 - 05:49 - Васильев (Манажанов, Рысбеков)
1:1 - 33:37 - Надейкин (Амырканов, Лукавенко) СБШ
1:2 - 43:42 - Мерзликин (Глухих)
Қақпашылар: Ряшин - Эрштейн
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.