«Барыс» жастар командасының Jastar Ligasy тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті қарсылас «Алматы» командасы болды. Кездесулер 28-29 қаңтарда Астанада өтті.
Бірінші матчта астаналық ұжым Таир Бигаринов, Аристарх Киреев, Тимур Миндубаев пен Артем Авдеенконың голдарының арқасында жеңіске жетті. Айбат Сапарғалиев 17 соққыны кері қайтарды.
«Барыс» - «Алматы» 4:1 (2:0, 0:1, 2:0)
1:0 - 06:35 - Бигаринов (Кравченко, Решетько) СБШ
2:0 - 13:11 - Киреев (Бақыт)
2:1 - 35:51 - Долгополов (Ивановский)
3:1 - 52:50 - Миндубаев (Бигаринов, Бақыт)
4:1 - 59:09 - Авдеенко (Манаш, Киреев)
Қақпашылар:Сапарғалиев – Яковенко
Екінші кездесуде командалар 65 минут бойы жеңімпазды анықтай алмады. Матчтың негізгі уақытында Жахангер Тілеухан мен Таир Бигаринов шайба соқты. Ал буллиттер сериясындағы Аңсар Алдоңғардың дәл соққысы командамызға екі ұпай сыйлады. Арсений Кучковский қарсыластың 12 соққысына тосқауыл болды.
«Барыс» - «Алматы» 3:2 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 1:0)
1:0 - 22:24 - Тілеухан (Алдоңғар)
1:1 - 24:36 - Ермак (Долгополов)
2:1 - 40:18 - Бигаринов (Кравченко, Дронов)
2:2 - 45:39 - Долгополов (Ермак, Неумывакин) СБШ
3:2 - 65:00 – Алдоңғар Б
Қақпашылар: Кучковский – Яковенко
Дәл осы материал жарияланған сәттегі жағдай бойынша Владимир Завьялов шәкірттері Jastar Ligasy турнирлік кестесінде көш бастап тұр. «Барыс» еншісінде 44 ойыннан кейін 66 ұпай бар. 12-13 ақпанда командамыз Павлодарда «Мұнайшымен» кездеседі.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.