«Барыс» өз айдынындағы ойындар сериясына «Сібірмен» матчтпен түйіндеді. Астаналық команданың бапкерлері «Адмиралмен» кездесуден кейін құрамға өзгеріс енгізген жоқ.
Ойынның алғашқы кезеңі нәтижелі өтті. Алдымен айдын иелері есеп ашты. Дамир Жафяров сәл үзіліс жасап, Виктор Антипиннің соққы жасауына жағдай жасап берді. Қорғаушы мүмкіндігін мүлт жібермей, «Барыс» жейдесіндегі алғашқы шайбасын соқты. Бұған Новосібір қаласы командасы екі бірдей шайбамен жауап қатты: Владимир Бутузов сан басымдығын жүзеге асырды, ал Павел Гоголев қарсыластың өз аймағынан шығу кезінде жіберген қателігін пайдаланып, Никита Бояркин қорғаған қақпаның жоғарғы бұрышын дәл көздеді. Командалар үзіліске тең есеппен аттанды. Никита Сетдивок «5-ке 3» форматындағы ойын кезінде көзге түсті.
Екінші жиырма минуттық «Сібір» хоккейшілерінің басымдығымен өтті. Бутузов пен Тэйлор Бек қақпашымен бетпе-бет шыққан сәттерінде гол соға алмады. Ал Егор Аланов болса үшінші шайбаны соғып, командасын есепте алға шығарды. Матчтың қорытынды бөлігінде біразға дейін есеп өзгеріссіз сақталды. Дегенмен, кездесудің аяқталуына 26 секунд қалғанда Никита Сетдиков «6-ға 5» форматындағы ойын кезінде гол соқты. Осылайша, жеңімпаз овертаймда анықталатын болды. Қосымша бес минуттықта айдын иелерінің 72-нөмірлі жейдедегі ойыншысы хетт-трик жасап, «Барыс» жеңілістер сериясын үзді.
31 қаңтарда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері сырт айдында «Авангардқа» қарсы ойнайды.
«Барыс» - «Сібір»4:3 (2:2, 0:1, 1:0, 1:0)
1:0 – 09:05 – Антипин (Жафяров)
1:1 – 10:41 – Бутузов (Бек, Широков) СБШ
1:2 – 12:15 – Гоголев
2:2 – 16:21 – Сетдиков (Бекетаев, Николишин) СБШ +2
2:3 – 33:30 – Аланов (Белоусов)
3:3 –59:34 – Сетдиков (Старченко, Савицкий)
4:3 – 61:02 – Сетдиков (Старченко, Бекетаев)
Қақпашылар: Бояркин – Красоткин
«Барыс-Арена».4490 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.