«Барыс» жаттықтырушылар штабын ұсынады
20 Шілде 2020

«Барыс» жаттықтырушылар штабын ұсынады

 «Барыс» хоккей клубы бірінші команданың жаттықтырушылар штабының құрылуын аяқтады. КХЛ 2020/21 маусымында Юрий Михайлиске Георгий Верещагин, Александр Шимин, Андрей Шаянов және Александр Ахцигер көмектесетін болады.
Сондай-ақ, жаттықтырушылар штабында бейне-аналитик болып Сергей Тамбулов қалады.
 

Георгий Верещагин Қарағанды хоккейінің тәрбиеленушісі. Бұған дейін ол «Номадта», сондай-ақ Қазақстанның студенттік пен жастар құрамаларында Юрий Михайлистің ассистенті болған.

Андрей Шаянов Өскемен хоккейінің тәрбиеленушісі. РФ еңбек сіңірген жаттықтырушы, балалар мен жасөспірімдер хоккейі бойынша ИИХФ маманы, ЖЖМ түлегі. Бұған дейін «Барыста» бас және аға жаттықтырушы болып жұмыс істеген, өткен маусымда «Барыс» жүйесінен «Снежные Барсы» МХЛ командасының жаттықтырушылар штабына кірген.

Айта кетейік, Ахцигер мен Тамбулов КХЛ құрылған сәттен бастап бірінші команданың жаттықтырушылар штабында еңбек етіп келеді, Александр Шимин «Барысқа» екі жыл бұрын қосылды. 
 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы