Барыс қатарынан үшінші рет жеңілді
30 Қыркүйек 2026

Барыс қатарынан үшінші рет жеңілді

Қыркүйектің соңғы ойынында астаналық «Барыс» сырт алаңда Қазанның «Ак Барс» командасымен кездесті. Астана клубының жаттықтырушылар штабы қорғаушылардың жұптарын сәл өзгертіп, 13-ші шабуылшы ретінде Абзал Әлібекті ойынға қосты. Кездесуді қақпада Андрей Шутов бастады.

Бірінші кезеңде командалар шабуылға алма-кезек шығып, қақпаға қауіпті соққылар жасау бойынша «Барыс» сәл басымдық танытты. Астаналықтар сол мүмкіндіктердің бірін голға айналдырды. Логан Дэйдің қақпа алдына асырған пасынан кейін Всеволод Логвин Тимур Билялов қорғаған қақпаның жақын бұрышын дәл көздеді.

Екінші кезеңде алаң иелері басымдыққа ие болды. «Ак Барс» қысқа уақыт аралығында үш шайба соғып, «Барыстың» жаттықтырушылар штабын Хантер Шепардты қақпаға шығаруға мәжбүр етті. Қазандықтар сапында Дмитрий Кателевский, Григорий Денисенко және Митчелл Миллер мергендер тізімін толықтырды.

Кездесудің соңғы нүктесін Кирилл Семёнов қойды. Ол «Барыстың» бос қақпасын дәл көздеп, есепті 4:1-ге жеткізді.

2 қазанда Михаил Кравец ойыншылары Нижнекамскіде «Нефтехимикке» қарсы ойын өткізеді.

«Ак Барс» - «Барыс» 4:1 (0:1, 3:0, 1:0)

0:1 - 08:53 - Логвин (Дэй, Симонов)

1:1 - 21:54 - Кателевский (Якупов)

2:1 - 23:20 - Денисенко (Яруллин, Евсеев)

3:1 - 24:14 - Миллер (Лямкин, Якупов)

4:1 - 59:14 - Семёнов (Денисенко, Яруллин) БҚ

Қақпашылар: Билялов - Шутов

«Татнефть Арена». 8 639 көрермен.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

ab_bar_260930_050.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы новокузнецкіліктерге алғашқы матчта есе жіберді

new-preview
Snezhnye Barsy

Кузнецкие Медведи - Снежные Барсы сериясы алдында

new-preview
Snezhnye Barsy

Мамонты Югры мен Снежные Барсы арасындағы матчтар қаңтарға ауыстырылды