Барыс жетінші жеңісіне қол жеткізді
28 Қыркүйек 2026

Барыс жетінші жеңісіне қол жеткізді

Павлодарда «Мұнайшы» мен «Барыс» жастар командалары арасындағы екінші кездесу де елордалық ұжымның қақпасына гол жібермей жеңіске жетуімен аяқталды. Қонақтарға жеңіс әкелген голдарды Дэнир Утеев, Нұрали Айтмағамбетов, кем құрамда көзге түскен Тамерлан Тілеубаев, Әділхан Саттар және Кирилл Задорожный соқты. Арсений Кучковский қақпаға бағытталған сегіз соққыны қайтарды.

Сегіз ойынның қорытындысы бойынша командамыздың еншісінде 14 ұпай бар. Бұл нәтиже турнир кестесінде үшінші орынға орналасуға мүмкіндік беріп отыр. 1 және 2 қазанда Ринат Омарбеков ойыншылары Өскеменде «Торпедомен» кездеседі.

«Мұнайшы» - «Барыс» 0:5 (0:0, 0:3, 0:2)

0:1 - 21:03 - Утеев (Коротков)

0:2 - 23:40 - Айтмағамбетов (Задорожный)

0:3 - 34:06 - Тілеубаев (Саттар) АГ

0:4 - 43:33 - Саттар (Алдонғар, Круцкий)

0:5 - 56:06 - Задорожный (Харченко, Аманғалиев)

Қақпашылар: Пушков - Кучковский.

582A6992.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Жұлдызды ойсырата жеңді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасына Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуға көмектесті