Барыс - Металлург. Жаттықтырушылардың пікірлері (видео)
15 Қазан 2023

Барыс - Металлург. Жаттықтырушылардың пікірлері (видео)

«Барыс» - «Металлург» (3:4 ОТ) матчынан кейін командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.


DSC_1322.JPG


Андрей Разин, «Металлургтің» бас жаттықтырушысы

- Бүгін күндізгі ойын. Өте нашар бастадық. Бірінші кезең нашар өтті, шайба беруде қателіктер өте көп болды. Орта аймақта көптеген шығындар болды. Екінші гол бізді аздап сілкіп алды, шегінетін жер қалмады. Содан кейін олар жақсы ойнады, ойын барысын өзгертті, жеңді. Түкке тұрмайтын қателіктің кесірінен гол жіберіп алдық, бірақ жігіттерге барлығы жақсы екендігін айттым. Содан кейін олар сенімді ойнады. Әрине, овертаймда шайба бағанаға тиіп, біздің жолымыз болды. Бірақ сәттілік әрекет еткеннің қолында.


- Жазда «Барыс» жүйесінен ауысқан Никита Михайлис, Максим Мұхаметовтың ойыны туралы сұрамаса болмайды. Сіз оларды қалай бағалайсыз?

- Олардан басқа Валера Орехов бар. Менің ойымша бүгін Михайлистің маусымдағы ең жақсы ойындарының бірі болды. Нәтиже және ойын бойынша гол соқты, оған қоса пас берді. Валерка да бүгін жақсы ойнады. Рас, шайба екі рет шығып кетті, Рас, шайба екі рет шығып кетті, бұл біздің қақпаға гол соғылып, есептің бір де нөл болуына алып келе жаздады. Жақсы жұмыс істеді. Максқа көбірек сенімділік тілегім келеді. Ол көбінесе ротацияда, мен оның тез негізгі құрамға түскенін қалаймын.


DSC_1343.JPG


Ғалым Мамбеталиев, «Барыс» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы

- Бүгін біз балаларды жақсы ойынға, жеңіске дайындадық. Олар жақсы бастады, екінші кезеңде алаңнан қуылу басталды. Гол жіберіп алдық. Олар қателесе бастады, мүмкін ойларын жинақтай алмай қалған шығар. Кей сәттерде жеңіл ойнау қажет, шыдамдылық таныту керек, бірақ бұның бәрі уақыт өте келеді. Ең бастысы адам қателескен кезде өз қателіктерінен қорытынды жасау. Өзгенің қателігі сабақ болмайды. Негізінде, ойынға берілу жағынан ешкімге шағымым жоқ. Олар негізінен жақсы ойнады, овертаймда жеңіске жетуге болатын еді, алайда соққан шайбалары қақпа бағанасына тиді. Сіз гол соқпасаңыз, гол сізге соғылады.


- Жеңілістен кейін командаға не айттыңыз?

- Бұл жеңіліс туралы тезірек ұмытып, алға қарай жүру керектігін айттым. Егер біз әр жеңілістен кейін салымыз суға кетіп, мұңға бата беретін болсақ, онда болашағымыз жоқ.

- Бүгін сегіз мыңға жуық көрермен болды. Матчтағы мұндай атмосфера сізге қалай әсер етеді?

- Жанкүйерлерге кез-келген жағдайда команданы қолдағаны және қолдайтыны үшін рахмет. Жігіттер мұны түсінеді және бүгін халық көп келгенін атап өтті. Біз ұтыла бастағанда, алға қарай ұмтылдық, жігіттер күш алды.


- Үшінші кезеңде құрам ауыстырылды және ол нәтиже берді. Келесі ойындарда біз жаңа комбинацияларды көру қаншалықты ықтимал?

- Құрамды әрдайым ауыстырып отыру қажет емес, тек әрқайсысының жағдайын бақылау керек. Бір жерде уақытша алмастыруға болады. Жаттығу процесі арқылы біреуді өз қалпына келтіру керек. Жай ғана алмастыратын емес, күшейтетін ойыншыға алмастыру қажет. Біз үш құрамға көштік. Кімнің шаршағанын көрдік. Сондықтан сергек ойыншылар қойылды. Және бұл нәтиже берді.




«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ



Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
18 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Польша

new-preview
16 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі АҚШ – Қазақстан

new-preview
15 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Германия – Қазақстан