Барыс – Локомотив. Жаттықтырушылардың пікірлері (видео)
13 Қазан 2023

Барыс – Локомотив. Жаттықтырушылардың пікірлері (видео)

«Барыс» - «Локомотив» (0:6) матчынан кейін командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.


DSC_0650.JPG


Игорь Никитин, «Локомотивтің» бас жаттықтырушысы

- Екі кезең бойына өте қиын ойын болды. Қауіпті болған қарсы шабуылдарға төтеп бере білдік. Жылдам соғылған үшінші гол матчтың нәтижесін шешсе керек. Әрі қарай дайындалу қажет.

- Сіздің ойыңызша, бүгін «Локомотив» барлық құрамда «Барыстан» басым болды ма, әлде «Барыс» босаңсып қалды ма? Сырттай қарағанда, матч «Локомотив» үшін сондай жағымды, жеңіл ойын болғандай көрінді.

- Мен өз командам туралы айтайын. Екі кезең бойына жай жүріс болған жоқ. Қарсылас өз мүмкіндігінде гол соғатын еді... алайда Ваня мүмкіндік бермеді. Ал үшінші гол «Барыс» үшін күтпеген соққы болды. Қарсыластың осындай артықшылығы болған кезде оны жеңу қиын. Қарсылас команданы білмеймін, бірақ біз үшін бұл жеңіл ойын болған жоқ.

- Ойыннан бір қуылу – олардың «Барыстың» жақсы екенін білгендігінің салдары ма, әлде ойын осылай өрбіді ме?

- Біз байыппен дайындалып, басым бөлігін сұрыптадық. Ойыннан қуылмауға баса назар аудардық деп те айта алмаймын. Ол үшін тырысып, тырыспасаң да, ойын өз ережелерін белгілейді. Бірақ менің ойымша, жалпы көзқарас бізге ақымақтық жасамауға мүмкіндік берді.


DSC_0664.JPG


Ғалым Мамбеталиев, «Барыстың» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы

- Ойыншыларға аздап сергектік жетіспеді. Біз ойынды талдаймыз, көреміз, кей жерде түзетеміз. Жеңілудің де жақсы емес екенін бәрі түсінеді. Келесі ойын басқаша болады деп ойлаймын.

- 3:0 немесе 4:0 болғанда неге қақпашыны ауыстырған жоқсыз?

- Андрей Шутовтың жарақаты бар. Оның жағдайын нашарлатпау үшін тәуекелге бармадық. Қалпына келгеннен кейін ойынға қосылады.

- Грант, Әсетов, Шалапов қашан оралады?

- Барлығы өз уақытын күтуде. Әлихан дайындалып жатыр, Шаламов тамақтан уланып қалған, ал Грантта жарық (грыжа) болып шықты.

- Екі кезең бойы ойыннан қуылмай ойнады, үшіншісінде не болды? Әлде сіз айтқан сергектік жетіспеді ме?

- Шайбаны тезірек алғымыз келді, шыдамдылық жетіспеді. Есесін қайтарғылары келді, алайда ойыннан қуылды. Ойыннан сырғытпа таяқты уақытында алмау, сырғытпа таяққа сүріну, қолды қою сияқты ескертпелермен қуылды. Адам шайбаны тезірек алғысы келгенде, осылай ойыннан қуылады. Оларға шыдамдылықпен ойнап, ойыннан қуылмау қажет деп айттық. Болары болды.




«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2