Барыс пен Әділет кездесу өткізді
19 Тамыз 2026

Барыс пен Әділет кездесу өткізді

Астанада «Барыс» хоккей клубының өкілдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттар Жанарбек Әшімжан және Шынасыл Ерназармен кездесті. Кездесу барысында отандық хоккейді дамыту, жас спортшыларды қолдау және спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Балалар мен жасөспірімдер хоккейін дамытуға ерекше назар аударылды. Клуб тарапынан балалар мен жастар үшін мұз айдындарының қолжетімділігі, отандық жаттықтырушылар мектебін дамыту және қазақстандық хоккейшілердің кәсіби тұрғыда өсуіне жағдай жасау мәселелері көтерілді. Сондай-ақ спорт саласы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы және спортшылардың мансабы аяқталғаннан кейін қайта даярлану мүмкіндіктері сөз болды.

«Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында елорда тұрғындарының спортпен тұрақты түрде айналысатын үлесін 43,6%-дан 50%-ға дейін арттыру көзделген. Осыған байланысты тараптар спорт инфрақұрылымын одан әрі дамыту, балалар мен жастарды спортпен айналысуға тарту және отандық спорт мамандарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша «Барыс» өкілдері қазақстандық хоккейді дамытуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жас ойыншылар үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған ұсыныстарын білдірді.

444.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс жастар командасының 2026/2027 маусымына арналған бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Барыс

Барыстың жастар арасындағы Қазақстан Кубогындағы матчтар күнтізбесі

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі