Барыс – Динамо Мәскеу. Жаттықтырушылардың түсініктемелері (бейне)
11 Қазан 2023

Барыс – Динамо Мәскеу. Жаттықтырушылардың түсініктемелері (бейне)

«Барыс» - «Динамо» Мәскеу матчынан кейін (3:2 Б) командаларының бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.


DSC_9263 копия.jpg


Алексей Кудашов, «Динамо» командасының бас жаттықтырушысы

- Ойын тең өтті, сондықтан да буллиттер сериясына дейін жеткен шығар. «Барыс» оларды жақсырақ орындады. Ойында жайлы айтар болсақ... бәлкім, ойынның көп бөлігінде ойынды уысымызда ұстадық. Алайда ойындағы басымдықты голға ұластыра алмай жаттық, бізге бұл ойында жеңіске жетуге мүмкіндік бермеді. Мен қарсыластардың қақпашысы Паскуалені атап өткім келеді. Ол бүгін керемет ойнады. Командада жаттықтырушы ауысқан кезде, ол қашанда екі еселенген энергиямен ойнайды. «Барыс» та бүгін солай ойнады.


DSC_9263 копия.jpg

Ғалым Мамбеталиев, «Барыс» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы

- Біз қарсыласты талдап, ойынға дайындалдық. Ойын қиын болды, қарсылас жақсы ойнады. Жігіттер бүгін жарады, тырысып ойнады. Олар шайбаны өздеріне қабылдап, қорғаныста шыдады, шабуылда шыдады. Овертаймда шыдап, буллиттерде жеңіске жетті. Жарады!

- Буллиттер сериясын орындауға шыққан бес ойыншыны кім анықтайды?

- Мен Әлем чемпионатында болғандарды, кім орындай алатынын білемін. Және тағы екеуін Барбер мен Обергті алдық, олар "оңқай" ойыншылар, яғни буллиттерге жарайды деген сөз. Кейбір нәрселер қолдан келмей жатты. Келесі жолы қолдан келер деп ойлаймын.

- Эдвард Паскуале біраз уақыт өткеннен кейін оралды. Бүгін оған қандай баға берер едіңіз?

- Бүгін ол жақсы көңіл-күймен ойнады, жарады. Командада болды және команда үшін ойнады. Бүгін мұз айдында команда болды және бірінші екінші, үшінші және төртінші құрамдар жақсы ойнады. Ешкімге айтар шағымым жоқ. Сондықтан біз жеңдік.

- Құрамнан Руслан Оспановты қашан көреміз?

- Жақында көреміз деп ойлаймын. Өте жақсы жігіт, болашағынан мол үміт күттіреді, менің ойымша, жақын арада ол негізгі құрамда ойнап көреді. Қазір ер жетіп қалған жас жігіттер бар және оларды бірінші командаға қосуға болады.


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ



Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
18 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Польша

new-preview
16 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі АҚШ – Қазақстан

new-preview
15 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Германия – Қазақстан