Үйдегі ойындар сериясының бірінші матчында «Барыс» «Ак Барстың» қақпасын аша алмай, жеңіліске ұшырады. Кирилл Никитин ойында Всеволод Логвинді алмастырды. Алғашқы минуттан-ақ, қақпадағы орынды Эдвард Паскуале иеленді.
Кездесудегі негізгі жағдайлар екінші бөлімде болды. Үзілісте жақсы ойнаған және мұз айдыны иелерінің қақпашысын алдаған Илья Сафонов есеп ашты. Кезеңнің аяқталуы кезінде Дмитрий Кагарлицкий көк сызықтан имек таяғын оңтайлы қойып, астаналық көрермендерді екінші рет қынжылтты. Ойынның соңғы минутын астаналықтардың бос қақпасына соққы жасаған Евгений Свечников қорытындылады.
10 қарашада Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттері «Куньлунь Ред Старды» үйдегі мұз айдынында қабылдайды.
«Барыс» – «Ак Барс» 0:3 (0:0, 0:2, 0:1)
0:1 – 32:39 – Сафонов (Жафяров, Адамчук)
0:2 – 36:25 – Кагарлицкий (Войнов, Сафонов)
0:3 – 59:03 – Свечников (Семёнов, Лучевников) ПВ
Қақпашылар: Паскуале – Билялов
«Барыс-Арена». 5508 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.