Астанада «Мықтылар» тобында 2012 жылы туған жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының екінші туры аяқталды.
Бұл жас аралығында «Барыс» жаттықтырушылар Владимир Завьялов пен Артем Ивановтың жетекшілігімен екі ұжымды ұсынады.
«Барыс-2012-2» жеті матчтан алты матчта жеңіске жетіп, 18 ұпай жинады және тек қосымша көрсеткіштер бойынша турнирде Қарағандылық «Юностьке» (18 ұпай) бірінші орынды беріп қойды. Бес кездесуде жеңіске жеткен «Барыс-2012-1» үштікті тұйықтады (15 ұпай). Чемпионаттың екі турының қорытындысы бойынша турнир кестесінде осындай жағдай қалыптасты.
«Барыстың» өкілі Александр Шляйгер өткен турдың үздік бомбардирі атанды. Оның есебінде 17 (11+6) ұпай бар.
Артём Иванов, «Барыс-2012» жаттықтырушысы
- Тур аяқталды, жұмыс істейтін нәрсе көп. Қорытынды жасап, әрі қарай дамимыз. Алда тағы екі тур бар, біз дайындалып жатырмыз.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.