«Барыс» хоккей клубы Аңсар Шайхмедденовпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдейді. Екіжақты келісімшарт бір маусымға 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.
Клуб жүйесіндегі барлық командаларда өнер көрсеткен «Барыс» БЖСМ түлегі ҚХЛ-дағы алғашқы толыққанды маусымын өткізді. 53 кездесуде ол үш шайба соғып, бес нәтижелі пас берді.
Вячеслав Белан, «Барыс» ХК бас менеджері:
- Шайхмедденов – физикалық тұрғыдан мықты, бапкер тапсырмасын орындай алатын ойыншы. Өткен маусымда өзін жақсы қырынан көрсетті. Командадағы жас ойыншылардың қатарында болғанына қарамастан, бапкерлер құрамы оған алғашқы бестіктерді ойнауға мүмкіндік берді. Онда ол пайдалы ойын өрнегін көрсетті.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.