Әділ Бекетаев Барыс құрамында
03 Шілде 2021

Әділ Бекетаев Барыс құрамында

«Барыс» хоккей клубы қорғаушы Әділ Бекетаевпен келісімшарт жасағаны туралы ресми түрде хабарлайды. Сынама келісімі 2021 жылдың 31 тамызына дейін есептелген.

Қорғаныс ойыншысы өзінің бүкіл мансабын өскемендік «Торпедо» жүйесінде өткізді. Өткен маусымда Қазақстан чемпионатында 41 матч (плей-оффтың 5 матчын қоса алғанда) ойнап, 6 нәтижелі пас берді. «Торпедо» сапында Әділ Pro Ligasy-дің қола жүлдегері атанды.

Мамыр айында Бекетаев элиталық дивизионда әлем чемпионатына дайындалу үшін Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына шақырылды.

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
9 фото
Барыс

Барыс - Кулагер

new-preview
Барыс

Барыс Петропавлда қақпасына шайба жібермей жеңіске жетті

new-preview
9 фото
Барыс

Барыс - Кулагер