Комплаенс

Сіздерді «Барыс» хоккей клубы» ЖМ ресми сайтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінде көруге қуаныштымыз.

«Барыс» хоккей клубы» ЖМ клубта ашықтық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға ұмтылады.

Клубта Комплаенс-офицер тағайындалды, ішкі құжаттаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау жүргізу, қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына оқыту бойынша кешенді және жүйелі шараларды көздейтін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, іске асырылуда.

Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері:

- негізгі принциптердің сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

- Клубта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;

- Клуб қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;

- Клубта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. 

ЕГЕР СІЗГЕ:

  • сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және жымқыру фактілері туралы;
  • лауазымды адамдардың қызметтік жағдайын теріс пайдалануы және өкілеттіктерін асыра пайдалануы туралы;
  • «Барыс» хоккей клубы» ЖМ материалдық залал келтіретін немесе оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де іс-әрекеттердің жасалғаны туралы белгілі болса дереу +7 (7172) 61-35-13 нөмірі немесе электрондық пошта арқылы хабарлауды сұраймыз.

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР