1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Матч ұйымдастырушысы көрерменнің жекелеген санаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, спорт нысаны әкімшілігін, құқық қорғау органдарын және көрермендерді билет сату басталғанға дейін міндетті түрде хабардар ете отырып, матчқа кіруге арналған арнайы талаптарды енгізе алады.
1.2. Ұйымдастырушы матч кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау үшін спорт нысаны әкімшілігімен, құқық қорғау органдарымен және басқа да жауапты қызметтермен бірлесе әрекет етеді.
1.3. «Барыс Арена» мұз сарайында хоккей матчтарын өткізу кезінде басты басымдықтардың бірі – заңсыз әрекеттердің алдын алу және көрермендердің тәртіп ережелерін қатаң сақтауы. Континенталдық хоккей лигасының техникалық регламентіне (29.07.2025 ж., 05.09.2025 ж. өзгерістерімен) сәйкес, «Барыс Арена» бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бейнежазба сурет пен дыбысты жазу арқылы жүргізіледі және ол «Фанаттық» және «Қонақ» секторларында жүзеге асырылады. Билет, абонемент, шақыру билеті немесе өзге де құжат сатып алу арқылы көрермен бейнежазба жүргізуге автоматты түрде келісім береді.
1.4. Спорт нысанына кіру осы Ережелерді қабылдау және оларды орындау міндеттемесін білдіреді.
1.5. Тәртіп бұзған көрермендер, сондай-ақ сот шешімімен спорттық іс-шараларға қатысуға тыйым салынған тұлғалар спорт нысанына кіргізілмейді немесе одан шығарылып, билет құны қайтарылмайды. Құқық бұзған жағдайда кінәлілер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
1.6. Ұйымдастырушы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін көрермендерді фото және бейнежазбаға түсіруге құқылы.
1.7. Осы Ережелерді бұзу матч ұйымдастырушысы мен спорт нысаны әкімшілігі тарапынан көрерменді келесі матчтарға кіргізбеу мәселесін қарастыруға негіз болып саналады.
2. КӨРЕРМЕН МІНДЕТТІ:
2.1. Матч билеттерін тек ұйымдастырушыдан немесе ресми серіктестерінен сатып алу.
2.2. Стадион аумағында баннерлер мен транспаранттарды орналастыруды матч ұйымдастырушысымен келісу. Жазбалар Қазақстан Республикасының заңнамасына, Континенталдық хоккей лигасы, Жастар хоккей лигасы және Pro Hokey Ligasy регламенттеріне қайшы келмеуі тиіс.
2.3. Спорт нысанына ертерек келу, себебі кіру кезінде тексеру (досмотр) жүргізіледі.
2.4. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстану.
2.5. Басқа көрермендерге, ойыншыларға, төрешілерге, қызметкерлерге және құқық қорғау органдары өкілдеріне құрметпен қарау, қауіп төндіретін іс-әрекеттерге жол бермеу.
2.6. Билеттерді, абонементтерді және шақыру билеттерін ұйымдастырушылардың, күзет қызметінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көрсету. Стадионда тек билеттерде көрсетілген орындарға отыру қажет.
2.7. Стадионға кірер кезде құқық қорғау органдары мен күзет қызметкерлерінің тексеруінен өту.
2.8. Ұйымдастырушылардың, әкімшіліктің және құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындау.
2.9. Күдікті заттарды, күдікті тұлғаларды, түтін немесе өрт шыққан жағдайда дереу ұйымдастырушыларға немесе құқық қорғау органдарына хабарлау.
2.10. Эвакуация туралы хабарлама алынған кезде ұйымдастырушылардың және әкімшіліктің нұсқауларын орындап, сабырлы болып, дүрбелең тудырмау.
2.11. 2.4 – 2.7 тармақтарын орындамаған тұлғалар матчқа кіргізілмейді немесе стадион аумағынан шығарылады.
3. КӨРЕРМЕННІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ:
3.1. Билет, абонемент немесе шақыру билеті болған жағдайда спорт нысанына матч басталғанға дейін және матч кезінде кіру.
3.2. Ұйымдастырушылар мен әкімшілік ұсынатын барлық қызметтерді пайдалану.
3.3. Стадионға ресми сатылымдағы клубтық атрибуттарды алып кіру және оларды қолдану.
4. КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
4.1. Спорт нысанына алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде кіру, ішімдік пен есірткі қолдану.
4.2. Қаруларды, жарылғыш, жанғыш, улы, өткір заттарды, пиротехниканы, шыны ыдыстарды, ірі чемодандар мен сөмкелерді алып кіру.
4.3. Ұлтаралық, діни, әлеуметтік араздықты қоздыратын немесе қатысушыларды қорлайтын белгілер мен жазбаларды көрсету.
4.4. Заттарды трибунаға, мұз айдынына лақтыру және матчтың өтуіне кедергі келтіретін әрекеттер жасау.
4.5. Басқа көрермендерге немесе ойыншыларға тіл тигізу, ар-намысына тиетін айқайлар жасау.
4.6. Өтетін жолдарда, сатыларда тұру, қозғалысқа кедергі жасау, креслоларға тұру, жарық шамдарына немесе басқа да құрылымдарға шығу.
4.7. Ұйымдастырушылардың немесе әкімшіліктің жазбаша рұқсатынсыз сауда жасау, жарнама ілу.
4.8. Рұқсат етілмеген саяси акциялар өткізу.
4.9. Билеттерді қайта сату.
4.10. Ойын кезінде немесе одан кейін мұз айдынына заңсыз шығу.
4.11. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес, темекі және электронды құрылғыларды қоса алғанда, стадион аумағында темекі өнімдерін тұтынуға қатаң тыйым салынады.
4.12. Жануарларды алып кіру.
4.13. Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларын бұзу.
4.14. Стадионда белгіленген 4.1–4.13-тармақтардағы тәртіп ережелерін бұзған көрермендер матчтан шығарылады. Егер олар құқыққа қарсы әрекет жасаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
4.15. Егер матч ұйымдастырушысына 4.2–4.10-тармақтарда көрсетілген ережелерді бұзған тұлғалардың әрекеттері үшін айыппұл салынса, ұйымдастырушы келтірілген шығынды қайтарып алу мақсатында Қазақстан Республикасының сот органдарына жүгінуге құқылы.
АВАРИЯЛАР МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕР
Стадионда төтенше жағдай орын алған кезде - мысалы, апат, өрт, жарылыс, табиғи апаттар немесе катастрофалық құбылыстар (қатты дауыл), диверсия не террористік акт жағдайында стадионға келген көрермендер стадион күзеті, полиция, өрт-құтқару қызметі және әкімшілік өкілдерінің нұсқауларын қатаң сақтауы тиіс.
Егер күдікті немесе қараусыз қалған заттар, жарылғыш, химиялық немесе радиоактивті заттар табылса, бұл туралы дереу ақпараттық орталыққа, стадион әкімшілігіне немесе күзет қызметіне хабарлау қажет. Күзет қызметі немесе тиісті мамандар келгенге дейін қауіпті аумақты қоршап, өз бетімен ешқандай әрекет жасамау керек.
Стадионның барлық бөлмелерінде өрт дабылы жүйесі, автоматты өрт сөндіру жүйесі, ғимараттың периметрін бақылайтын бірыңғай қауіпсіздік дабылы және дыбыстық хабарлау жүйесі (бұдан әрі – «Жүйелер») орнатылған. Бұл жүйелер арқылы төтенше жағдай туындаған жағдайда көрермендер мен өзге де адамдарға арналған нұсқаулар хабарланады.
Стадион әкімшілігі өрт, жарылыс, газдың ағуы немесе басқа да қауіп төндіретін жағдайларда қауіпсіздікті, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында алдын ала ескертусіз-ақ стадионды (немесе оның кез келген бөлігін) дереу жабуға құқылы.
АРЕНАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Стадионға келген көрермендер өз ұсыныстарын, шағымдарын немесе пікірлерін келесі электрондық пошта арқылы жолдай алады: help@hcbarys.kz