МХЛ түлектері - Михаил Тарасов
10 Тамыз 2020

МХЛ түлектері - Михаил Тарасов

«Барыстың» баспасөз қызметі жастар хоккейінде өз жолын ресми түрде аяқтаған хоккейшілер туралы жарияланымдар циклін жалғастыруда. Өткен маусымда Жастар хоккей лигасының тағы бір түлегі қорғаушы Михаил Тарасов болды.

Қорғаныс ойыншысы өзінің ЖХЛ-дағы алғашқы матчын 2018 жылдың 5 қыркүйегінде өткізді. Бұл күні «Снежные Барсы» «Спутник» командасын жеңіп шықты (3:1), ал Тарасовтың өзі мұзда 10 минутқа жуық уақыт өткізді. Дебюттік маусымда Михаил 52 матч өткізді, онда ол серіктестерге 4 рет көмек көрсетті, 30 күштік тәсіл жасады және 49 лақтыруға тосқауыл қойды.

2019-20 ж. маусымы спортшы үшін нәтижелі болды. 50 кездесуде ол 10 (2+8) ұпай жинады. Дебюттік шайба «Ладьяға» қарсы үй ойынына түсті, онда «Барыстар» қарсыластарын 7:3 есебімен жеңді.

Жалпы, екі маусымда ЖХЛ-да Тарасов 102 матч өткізіп, 14 (2+12) ұпай жинады. Бір қызығы, кейбір матчтарда ол орталық шабуылшы позициясында ойнады, сондықтан қорғаушының статистикасында амплуасына тән емес лақтырулар саны бар – 169. Олардың 59-ы Михаилдің арқасында.

Енді хоккейші «Барыс» жүйесінде өнер көрсетуді жалғастырады. Өткен аптада Тарасов «Номадпен» келісімшартқа отырды.

Михаил Тарасов ЖХЛ-дағы ойындары туралы:

- ЖХЛ-да өнер көрсету өте жағымды әсер қалдырды. Мұнда мен екі табысты және есте қаларлық маусым өткіздім. Бұл - өзіндік серпін, ересек хоккейге тамаша дайындық. ЖХЛ - жас хоккейшілер үшін мықты лига, әр учаскеде жақсы жылдамдық пен күрес бар. Матчтар әрдайым керемет және қызықты болады. Менің алғашқы матчымды мәңгі есте сақтаймын, бұл күптігей, бірақ сонымен бірге өте қызықты болды. Сол кезде біз «Спутникпен» ойнадық, матч ауыр болды. Бірақ біз оны абыроймен өткізіп, жеңдік. Күн сайын күшті және төзімді болуға көмектескен жаттықтырушыларға рахмет.

МХЛ ресми сайтынан статистикалық деректер пайдаланылды

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2