UTLC Ice Cup. Баспасөз конференциясы және жеребе алу
16 Сәуір 2024

UTLC Ice Cup. Баспасөз конференциясы және жеребе алу

БЖСМ

DSC_1516 копия.jpg

«Барыс Арена» баспасөз орталығында UTLC Ice Cup Төртінші халықаралық турнирінің басталуы қарсаңында баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға «ОТЛК ЕРА» АҚ Бас директоры Алексей Гром, Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Алексей Мамонтов, «Барыс» БЖСМ директоры Руслан Нұрмұхамедов, сондай-ақ турнирге қатысушы командалардың өкілдері қатысты.

DSC_1403.jpg

Алексей Гром, «ОТЛК ЕРА»АҚ бас директоры

- Мен үнемі турнирді: «Бұл дүниеде хоккейдің болғанына құдайға шүкір, жасөспірімдер хоккейінің болғанына шүкір, бізді осында қабылдап, бізге жасөспірімдер спортының мерекесін сыйлайтын Астана мен «Барыс» хоккей клубының болғанына мың шүкір» деп бастаймын. ОТЛК ЕРА компаниясы үшін осы турнирдің бас серіктесі болу үлкен мәртебе. Маған бұл қосымша әлеуметтік жүктеме, қосымша жауапкершілік деп айтқанда, мен бұл ешқандай да жүктеме емес деп жауап беремін, осында болып жатқанды көру- рахат. Бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен командалар, нағыз жас Еуразия жұлдыздары келеді, олар қазірдің өзінде танымал болған олжалы жеңіс кубогы үшін күреседі. Бұл мен үшін нағыз мереке және менің көңіл-күйім барлық қатысушыларға берілгенін қалаймын.

Алексей Мамонтов, Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры

- Астанадағы турниріміздің дәстүрге айналғаны қуантады. Биыл біз бес елдің өкілдерін біріктірдік, қазіргі уақытта бұл үлкен және жақсы тарих. UTLC Ice Cup елдер арасындағы достық және спорттық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. «ОТЛК ЕРА» басшылығына жасөспірімдер хоккейін және жалпы спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді, біз бәріміз өте күшті футбол турнирі өтіп жатқанын да білеміз. Қатысушыларға сәттілік, адал ойын және жарақатсыз ойнауды, ал жанкүйерлерге – жағымды ойын көруді тілеймін! Барлығы біздің турнирден және Астанада болудан тек жағымды эмоциялар алады деп сенемін.

Руслан Нұрмұхамедов, «Барыс» БЖСМ директоры

- Барлық қатысушыларды құттықтаймын және «Астанаға қош келдіңіздер» деп айтқым келеді! Балалар мен жасөспірімдер хоккейін дамыту-игі іс. Осындай халықаралық турнирде хоккейшілер мен жаттықтырушылар тәжірибелермен, дағдылармен алмасады, бұл олардың спорттық жетістіктеріне әсер етеді. Мен әрдайым осындай турнирлер қажет деп айтамын, сондықтан «ОТЛК ЕРА» басшылығына керемет жоба үшін алғыс айтқым келеді. Қатысушылардың жастығына қарамастан, барлық командалар жарқын және әсерлі хоккей көрсететініне сенімдімін. Ең мықтысы жеңсін!

DSC_1539.jpg

Баспасөз конференциясы аясында жеребе тартылды, оның қорытындысы бойынша командалар өздерінің қарсыластарын білді. А тобындағы жеребе қорытындысы бойынша турнирдің финалдық бөлігіне шығу үшін «Барыс», «Локомотив» және «Beijing GLC» бәсекелес болады. В тобында Минск «Динамо», «Армия СКА» және «Хумо» бас қосады.

Әрі қарай, өз топтарында үшінші орын алған ұжымдар бесінші қатардағы жекпе-жекте кездеседі. Қалған қатысушылар жартылай финалда, сондай-ақ «қола» және «алтын» алу үшін матчтарда ойнайды.

UTLC Ice Cup 2024 кестесі жақын арада біздің ресурстарымызда жарияланады.


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Максим Мухаметов мансабын барыста жалғастырады

new-preview
Barys

Владимир Никитин Барыс жүйесіне қайта оралды

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 4 қыркүйекте өз айдынында бастайды. Қарсылас – Нефтехимик командасы