«Барыс» хоккей клубы тәжірибелі қорғаушы Тайлер Уотерспунмен біржақты келісімшартқа қол қойды. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.
Тәжірибелі хоккейші АХЛ-де 700-ден астам матч өткізген, сондай-ақ ҰХЛ-де 36 ойынға қатысқан. 2022 жылы Уотерспун Канада құрамасының сапында Бейжің Олимпиадасына қатысты. Өткен маусымда ол «Монреаль Канадиенстің» фарм-клубы – «Лаваль Рокет» командасында өнер көрсетті. 79 кездесуде (оның ішінде плей-оффтағы 7 ойында) Тайлер 2 шайба соғып, 16 нәтижелі пас берді.
Тайлер Уотерспун туралы мәлімет:
Туған күні: 1993 жыл 12 наурыз
Алаңдағы орны: қорғаушы
Бойы: 188 см
Салмағы: 94 кг
Ойын таяғын ұстау бағыты: сол жақ
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.