«Барыс» хоккей клубы Роман Старченкомен келісімшарт жасалғанын ресми түрде мәлімдейді. Біржақты келісімшарт бір маусымға 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.
Форвард 14 маусым бойы «Барыс» намысын қорғады. Роман - Лигада 200 шайба соққан әрі бұл жетістікке бір команда сапында қол жеткізген санаулы ойыншылардың бірі. Старченко клуб тарихындағы екінші снайпер екенін айта кеткен жөн.
Өткен маусымда шабуылшы мәскеулік «Спартак» сапында өнер көрсетіп, 52 матчта 15 (7+8) ұпай жинады. Жалпы, Қазақстан хоккейінің аңызы Құрлықтық хоккей лигасында 792 кездесу өткізіп, 392 (207+185) ұпай еншілеген.
Вячеслав Белан, «Барыс» ХК бас менеджері:
- Старченко – таныстыруды қажет етпейтін ойыншы. Оның тәжірибесі мен шеберлігі мұз айдынында ғана емес, киім ауыстыру бөлмесінде де көшбасшы болуына мүмкіндік береді. Романның клубқа қайта оралғанына қуаныштымыз, ол өскелең ұрпаққа жақсы тәлімгер болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.