Алғашқы кездесуде Нижнекамск қаласының командасын сенімді түрде жеңген «Снежные Барсы» «Реакторға» қарсы екінші матчты өткізді. Астаналықтар қарсылас аймағында белсенді ойнап, қақпаға гол соғуға бірнеше рет мүмкіндік іздеді. Алайда шабуылдарын нәтижелі аяқтай алмады. Матч статистикасы бойынша басымдық танытқанына қарамастан, «Снежные Барсы» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесудің алғашқы кезеңінде алаң иелері сан басымдығын тиімді пайдаланып, есеп ашты. Иван Шимф шайба соғып, командасын алға шығарды. «Снежные Барсы» есепті тек екінші кезеңде теңестіре алды. Илья Громовтың пасынан кейін Владислав Ануфриев қолайлы сәтті пайдаланып, Александр Колымаев қорғаған қақпаға шайба енгізді.
Шешуші кезеңнің аяқталуына бес минуттан аз уақыт қалғанда Михаил Андреев Богдан Емельяновтың қақпасына екінші шайбаны соғып, «Реакторға» жеңіс әкелді.
«Реактор» - «Снежные Барсы» 2:1 (1:0, 0:1, 1:0)
1:0 - 12:25 Шимф (Андреев, Сиразетдинов) АГ
1:1 - 33:10 Ануфриев (Громов, Чукреев) АГ
2:1 - 55:22 Андреев (Романов, Сиразетдинов)
Қақпашылар: Колымаев - Емельянов
Матч статистикасы:
Соққылар: 40-84
Қақпаға дәл бағытталған соққылар: 28-54
Шайба тастау кезіндегі жеңістер: 21-31
Бөгелген соққылар: 14-5
Күш қолдану әдістері: 15-17
Айып уақыты: 6-6
«Нефтехим Арена» мұз сарайы. 139 көрермен.

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.