Самат Данияр: «Жеңіс бізге күш беретін болады»
14 Мамыр 2023

Самат Данияр: «Жеңіс бізге күш беретін болады»

«Барыстың» қорғаушысы Самат Данияр элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында өткен бірінші матчта Қазақстан құрамасының жетістігіне тоқталды.

- Бізге чемпионаттың басында бұл жеңіс керек болды, менің ойымша, бұл бізге күш береді. Намысты қолдан бермей, есепті теңестіріп, ақырында жеңісті жұлып алдық. Әрі қарай қозғалмақпыз.

- Матч қиын басталды, екі шайба жіберіп алдық. Қарсыластың ойынды былай бастарына неге дайын болмадыңыздар?

- Команда жас, жігіттердің көбі әлі ересектер арасындағы әлем чемпионаттарында ойнамаған. Мүмкін, олар қате жіберіп алудан қорыққан болар. Бірақ бірінші гол соққаннан кейін олар өз ойындарын тапты. Бұл өз нәтижесін берді.

- Әлихан Әсетов, өкінішке орай, бұл турнирде командаға бұдан былай көмектесе алмайды. Бұл жағдай болашақта қалай әсер етпек?

- Әрине, Әлихан біздің көшбасшымыз, оның әлем чемпионаттарында өнер көрсетуде үлкен тәжірибесі бар. Өкінішке орай, ол енді бізге көмектесе алмайды. Енді Әлихансыз күресуге тура келеді.

- Екі команда да бүгінгі ойында көпшілікте жақсы ойнады.

- Әлем чемпионатында бұл ең маңызды компоненттердің бірі. Әр командада оны голға айналдыра алатын шеберлер бар. Сондықтан көпшілікте ойнауға көбірек тырысып, өз сәттерімізді голға айналдыру керек. Бірақ сонымен бірге қз тарапымыздан ережелердің бұзылуын болдырмау керек. Азшылықта ойнаған қиын.

- Үшінші кезеңде ойынды өз уысымызға алып, есепті теңестірдік. Ненің арқасында ойынды өзгерте алдыңыз?

- Есептегі айырмашылық азғантай болды, сондықтан бәрі мүмкін екенін түсінген едік. Жігіттер өз күштеріне сеніп, шабуылдады. Біздің бригада ойын құрамындағы көпшілікті голға ұластырды. Тағы да гол соғуға болар еді, бірақ, ең бастысы ақырында жеңдік.

- Негізгі уақыттың соңында норвегиялықтар өте қауіпті шабуыл өткізіп, бірақ сен қақпаны қорғап қалдың. Бұл сәт есіңде ме?

- Онда біз үшін сәтсіз кері серпіліс болды, шайба штангаға тиген еді. Бәрі өз позицияларын жоғалтып алды. Мен шайбаның қақпаға күмп етейін деп тұрғанын көрдім, содан оны автоматты түрде қолыммен қағып алдым. Мүмкін, бұл жерде сәттілік те серік болған шығар.

- Овертайм біртүрлі әсер қалдырды.

- Иә, біз шайбаны өз иелігімізге алып, көп уақытты қарсыластың аймағында өткізген сияқтымыз. Бірақ қауіпті соққылар болған жоқ. Қарсыластар соңғы секундтарда гол соғуы мүмкін еді. Біз соңғы уақытта «үште-үш» форматында сирек ойнадық. Бүгінгі матчтан кейін біз бұл компонентке көбірек назар аударатын боламыз деп ойлаймын.

- Роман Старченко жыл сайын буллиттерді өзіндік стильде соғып жүр. Қарсыластардың қақпашылары оның әдісін қалайша зерттемей жүр?

- Менің ойымша, бәрі қарап, зерттеп жатыр. Бірақ ол буллитерді тез әрі сенімді орындайтыны сонша, қақпашылар оның соққысын қайтара алмай қалып жатады. Бұл жерде тәжірибе де әрине әсер етеді.

- Андрей Шутов қақпасын 31 рет қорғап қалды, оның ойынын қалай бағалайсың?

- Андрей бүгін талай рет көмектесті, біз де оған көмектесуге тырыстық. Екі шайбаны жіберіп алған соң бәрібір сенімді ойнап, бізді ойында қалдырғаны қуантады. Қажетті сәттерде қақпаны қорғап қалып, буллиттер сериясында керемет ойнады.

- Қазақстан құрамасының жанкүйерлері бүгін матчқа қатысып қана қоймай, Ригада еліміздің ең үлкен туын жайып үлгерді. Олардың қолдауы сезілді ме?

- Бүгін ту ұстаған біздің жанкүйерлеріміздің тұтас секторын көру керемет болды. Мұндай атмосферада ойнаған керемет және соңында біз оларды қуантқанымыз жақсы болды. Барлығы риза болды. Кейбір жанкүйерлер бізді қонақүйде ойыннан кейін қарсы алды. Мен осындай қолдау көрсеткендері үшін оларға алғыс айтқым келеді.

- Ертең Чехия құрамасымен ойнайсыздар. Қалыпқа келіп үлгересіз бе?

- Дайындалу керек, ал жаттықтырушылар бізге оларға қарсы қалай әрекет ету керектігін айтар. Ертең біз қорғаныста көп ойнайтынымыз анық, бірақ біз мұны дұрыс жасауымыз керек және өз сәттерімізді жүзеге асыруға тырысу қажет.

 

Фото – ИИХФ

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
39 фото
Barys

UTLC Ice Cup | 5-күн

new-preview
46 фото
Barys

UTLC мұз кубогы | 4-күн

new-preview
Barys
Tomiris

ҚӘЧ ІВ. Қазақстан құрамасы топтағы орнын сақтап қалды