Райли Уолш – Барыс» клубының жаңа ойыншысы
18 Тамыз 2025

Райли Уолш – Барыс» клубының жаңа ойыншысы

«Барыс» хоккей клубы америкалық қорғаушы Райли Уолшпен келісімшарт жасасты. Біржақты келісім бір маусымға, 2026 жылғы 31 мамырға дейін есептелген.

Райли Уолшты 2017 жылы Ұлттық хоккей лигасының драфтында «Нью-Джерси Девилз» таңдаған. Ол кәсіби мансабының барлығын Солтүстік Америкада өткізді. Өткен маусымда Райли ҰХЛ-дың «Лос-Анджелес Кингз» клубының фарм-командасы – «Онтарио Рейн» сапында өнер көрсетті. Ол 72 ойында 32 (6+26) ұпай жинады. Жалпы, АХЛ-де 317 матч өткізіп, 168 (42+126) ұпай еншілеген.


Райли Уолш туралы мәлімет:

Туған күні: 1999 жыл 21 сәуір

Алаңдағы орны: қорғаушы

Бойы: 183 см.

Салмағы: 84 кг.

Ойын таяғын ұстау бағыты: оң жақ


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Walsh.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
10 фото
Барыс

Барыс - Кулагер

new-preview
Барыс

Барыс жастар командасы Құлагерді ойсырата жеңді

new-preview
10 фото
Барыс

Барыс - Кулагер