«Снежные Барсы» Нижнекамск қаласындағы сырт алаңдағы ойындарын жалғастырып, «Реакторға» қарсы екі кездесу өткізеді.
Нижнекамск командасы өз алаңындағы серияны ярославльдік «Локо-76»-ға қарсы матчпен бастап, овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жетті. Негізгі уақытта Данил Гатауллин мен Артём Березин гол соқты. Ал қосымша уақытта Давид Романов жеңіс шайбасын салып, командасына жеңіс сыйлады.
Оған дейін «Реактор» сырт алаңдағы ойындарын «Спутникке» қарсы кездесумен аяқтап, овертаймда дәл осындай есеппен, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Нижнекамск командасының сапында Александр Панов пен Иван Бирдычкин мергендік танытты.
Астаналықтармен кездесер алдында «Реактор» турнир кестесінде бесінші орында тұр. Команданың еншісінде 8 матчтан кейін 9 ұпай бар.
Ал Илгиз Нуриев жаттықтыратын «Снежные Барсы» сырт алаңдағы сериясын Алметьевск қаласында бастап, «Спутникке» қарсы өткен екі матчта да жеңіліс тапты. Алғашқы кездесуде Жахангер Тілеухан мен Александр Симахин гол соққанымен, астаналықтар 2:4 есебімен есе жіберді. Екінші ойында «Снежные Барсы» қарсылас қақпасына шайба соға алмай, алаң иелеріне 0:4 есебімен жол берді.
Қазіргі уақытта «Снежные Барсы» турнир кестесінің соңғы сатысында тұр. Команда 13 матчтан кейін 8 ұпай жинаған.
Матч Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.
Кездесудің тікелей трансляциясын МХЛ-дың YouTube арнасынан көруге болады.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.