Торпедо – Номад матчы алдында
13 Қараша 2025

Торпедо – Номад матчы алдында


Астаналық ұжым сырт алаңдағы ойындар сериясын Өскемен қаласында бастайды.

«Торпедо» сырт алаңдағы ойын сериясын Атыраудағы матчтармен аяқтады. Бұл кездесулерде команда қарсыласын екі мәрте жеңді. Алғашқы ойында 5:1 есебімен басым түсіп, Иван Гавриленко, Михаил Рахманов және Андрей Рунов мергендігімен көзге түсті. Александр Панченко дубль авторы атанды. Екінші матчта 3:2 есебімен жеңіске жеткен «Торпедо» сапынан Максим Мусоров екі шайба соғып, Илья Кляузов нәтижелі шабуылды іске асырды.

Астаналықтармен өтетін кездесу қарсаңында «Торпедо» тұрақты чемпионаттың аралық кезеңінде 27 ойында 38 ұпай жинап, көшбасшы үштікті түйіндеп тұр.

«Номад» өз кезегінде үйдегі ойындар сериясын «Құлагерге» қарсы екі жеңіспен аяқтады. Алғашқы матчта 3:1 есебімен жеңіске жетіп, шайбалардың авторлары Кирилл Никитин, Олег Бойко және Артур Гатиятов болды. Екінші кездесуде 6:1 есебімен басым түсіп, Артур Гатиятов, Роман Старченко, Александр Мигунов және Олег Бойко мергендік танытты, ал Кирилл Ляпунов дубль авторы атанды.

Қазіргі таңда «Номад» 27 ойында 46 ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастап тұр.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Нидерланды – Қазақстан 3:0

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Қазақстан – Латвия 2:3 Б

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасының қорытынды тізімінде