Салават Юлаев - Барыс матчы алдында
18 Қараша 2026

Салават Юлаев - Барыс матчы алдында


«Барыс» қысқа мерзімді сырт алаңдағы ойындар сериясын Уфада бастайды.

«Салават Юлаев» өткен турда өз мұз айдынында «Адмиралға» қарсы кездесуде үш шайба басымдығын сақтап қала жаздады. Нәтижелі матч Башқұртстан астанасының командасының 6:5 есебімен жеңісімен аяқталды. Данил Алалыкин мен Александр Жаровский дубль авторы атанса, Мэттью Маджио мен тәжірибелі Вадим Шипачёв бір-бір шайбадан соқты. Семён Вязовой қақпаға бағытталған 23 соққыны қайтарды. Виктор Козлов қателіктерге қарамастан, командасының мінез танытып, есеп өз пайдасына болмаған сәтте де күресті тоқтатпағанын атап өтті.

Уфалықтар 27 матчтан кейін 28 ұпай жинады. Шелдон Ремпал (11+13) тұрақты чемпионаттың үздік бомбардирлері төрттігіне кіреді. Жарақат алған ойыншылар тізімінде Александр Алексеев, Артём Горшков, Григорий Панин және Никита Щербаков бар.

«Барыс» жексенбі күні Шығыс конференциясының көшбасшысы «Металлургке» қарсы өз алаңындағы кездесуде жеңіске жетті. Матчтың басты қаһарманы чемпионаттың үздік сұрмергені әрі бомбардирі Джастин Бэйли (16+11) болды. Ол Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы хет-тригін жасады. Сонымен қатар Чейз Приски (5+16) мергендік танытып, 20 ұпайлық межеден асты. Кирилл Савицкий магнитогорлықтардың бос қақпасына шайба соқты. Андрей Шутов қақпаға бағытталған 30 соққыны қайтарды. Михаил Кравец ойыншылары кездесуді сәтсіз бастағанымен, кейін ойын өрнегін өзгертіп, өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, сан жағынан кем құрамда сенімді өнер көрсеткенін атап өтті.

Қазақстандық команданың еншісінде 26 матчтан кейін 29 ұпай бар. Владислав Нурек, Мәди Диханбек және Абзал Әлібек «Номад» сапында Құрлықтық кубоктың финалдық кезеңіне жолдама алғаннан кейін «Барыс» орналасқан жерге оралды. Ансар Шайхмедденов мұз айдынына шыққан жағдайда ҚХЛ-дағы 200-ші матчын өткізеді. «Барыс» пен «Салават Юлаев» командаларының Астанадағы алғашқы өзара кездесуі алаң иелерінің 8:6 есебімен жарқын жеңісімен аяқталды.

«Салават Юлаев» - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Тікелей эфир KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.


«Барыс» ХК-нің бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» ХК-нің серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры.

Match day Away (1).jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номад Континенталдық кубоктың финалына жолдама алды

new-preview
Barys
Nomad

Номад командасының 2026 жылғы Континенталдық кубокке арналған құрамы

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың Азиаго қаласында өтетін Құрлықтық хоккей кубогындағы ойындар кестесі