Жаңа жылдық үй сериясындағы үшінші ойында «Барыс» «Автомобилистпен» кездеседі. Маусымдағы өзара кездесулерде астаналықтар екі жеңіске жетіп, көш бастап келеді (3:2 ОТ және 4:1).
Өткен аптада қазақстандық ұжымнан өз алаңында ұтылғаннан кейін екатеринбургтік команда қатарынан үш жеңіске қол жеткізді. Соңғы турда «Автомобилист» қонақта «Сібірді» ірі есеппен, қақпасына шайба өткізбей жеңді (5:0). Гол авторлары команданың үздік бомбардирі, дубль жасаған Рид Буше (12+19), сондай-ақ Юрий Паутов, Стефан Да Коста және Никита Трямкин. Қақпашы Евгений Аликин 19 сейв тіркеді. Николай Заварухин ойыншылары матч басындағы қарсыластың қысымына төтеп бергенін, ал шешуші сәт екінші кезеңде келгенін, дәл сол кезде қонақтар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланғанын атап өтті.
38 ойыннан кейін уралдық клуб 45 ұпай жинап, Шығыс конференциясының топ-4 қатарында сенімді орналасып отыр. Владимир Галкин сейв пайызы бойынша чемпионаттың үздік бес қақпашысының қатарына кіреді (93%). Жарақат алғандар тізімінде Максим Денежкин мен Данил Романцев бар.
«Барыс» сейсенбі күні қақпаға бағытталған 30 соққы жасағанымен, Сергей Мыльниковтың қақпасын бұза алмай, «Тракторға» 0:2 есебімен жол берді. Андрей Шутов 20 сейв жасады. Михаил Кравец командасының азшылықта ойынын жоғары бағалап, сондай-ақ екінші және үшінші кезеңдерді жаман өткізбегенін, алайда гол соғуда тиімділік жетіспегенін айтты. 39 матчтан кейін 34 ұпайы бар астаналықтар Шығыстағы сегізінші орнын сақтап тұр.
«Барыс» - «Автомобилист» матчы Астана уақытымен 19:30-да басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.