Тұрақты чемпионаттағы соңғы үй матчында «Барыс» «Адмиралды» қабылдайды. Бұл Астана мен Владивосток командаларының қатарынан үшінші кездесуі болмақ.
Өткен аптада Приморье астанасында өткен ойындарда командалар негізгі уақытта бір-бір жеңістен бөлісті (2:1 «Барыстың» пайдасына, 6:2 «Адмиралдың» пайдасына). Соңғы матчта біздің команда сапында Всеволод Логвин мен Тайс Томпсон шайба соқты. Логвин осы маусымда алғаш рет мансабында 20 (9+11) ұпайлық межеге жетті. Ал алаң иелері құрамында Дмитро Тимашов, Егор Чезганов, Павел Шэн, Вячеслав Основин, Дмитрий Завгородний және Дмитрий Дерябин мергендік танытты. Олег Браташ ойыншыларының ойынға деген дұрыс көзқарасы қалыптаса бастағанын атап өтті. Ал Михаил Кравец командасының қорғаныста сенімді ойнай алмағанын және соңғы кезеңде қажетсіз көп айыптар алғанын айтты.
«Адмиралдың» қоржынында 65 матчтан кейін 48 ұпай бар. Команданың үздік бомбардирі қорғаушы Либор Шулак (14+29). Жарақат алған ойыншылар тізімінде қорғаушылар Марио Грман мен Семён Ручкин, сондай-ақ шабуылшылар Александр Дарьин, Владислав Кара және Иван Муранов бар.
«Барыстың» еншісінде 66 ойыннан кейін 53 ұпай бар. Қазақстандық клубтың ең нәтижелі ойыншылары Майкл Веккьоне (19+25) мен Райли Уолш (15+29). Жарақатына байланысты шабуылшы Ансар Шайхмедденов әлі де алаңға шыға алмайды.
«Барыс» – «Адмирал» матчы Астана уақытымен 19:30-да басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.