
«Барыс» маусымда алғаш рет «Ақ Барспен» кездеседі.
Бейсенбі күні қазандықтар «жасыл дербиде» «Салават Юлаевқа» (1:3) жол берді. Уфалықтардың қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы Дмитрий Яшкин болды, бұл гол ойын соңына 24 секунд қалғанда соғылды. Тимур Билялов пен Артур Ахтямов қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді. Зинэтула Билялетдинов мұндай матчтар эмоционалды тұрғыдан қарқынды болатынын және бәрін бір екі сіт шешетінің айтты. Міне, осылайша «Ақ Барс» қарсыласына жол берді.
Соңғы төрт ойында үш рет жеңілгеніне қарамастан, «Ақ Барс» Шығыс конференциясының көшбасшыларының үштігінде өз орнын сақтап қалды. Қазандық ұжымның қоржынында 25 матчтан кейін 34 ұпай бар. Команданың үздік бомбардирі - Александр Радулов (8+15). Дмитрий Яшкин маусымның басты мергендерінің (14 гол) үштігінде. Артур Ахтямов (92,9) лиганың ең үздік қақпашыларының қатарында. Жарақат алғандар тізімінде қақпашы Әмір Мифтахов бар.
Өткен турда «Барыс» Екатеринбургте «Автомобилист» командасын буллиттер сериясында (3:2) жеңіп, өзінің төрт матчтық жеңілістер сериясын үзді. Негізгі уақытта Михаил Рахманов пен Максим Мусоров гол соқты. Қақпашы Эдвард Паскуале өзі қорғаған қақпасын 38 рет құтқарып қалды. Ғалым Мамбеталиев оның командасы алдыңғы ойынмен салыстырғанда қозғалысты үдеткенін, сондай-ақ жас ойыншылардың ілгерілеуін тағы да атап өтті.
27 кездесуде астаналықтар 23 ұпай жинады, қазір команды плей-офф аймағынан төрт ұпайға қалып келеді. Егор Шалапов ҚХЛ-да өзінің 300 матчын өткізуге дайындалып жатыр.
«Татнефть-Арена» мұз айдынындағы өтетін кездесу Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.
Тікелей көрсетілім Qazsport телеарнасында болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.