Номад жеңіс сериясын үзді
10 Қазан 2026

Номад жеңіс сериясын үзді

«Номад» қазан айындағы сырт алаңдағы ойындар сериясы аясында Көкшетауда «Арланмен» кездесті. Негізгі уақыт тең аяқталғанымен, овертаймда 2:3 есебімен жеңілген елордалық команда жеңісті сериясын жалғастыра алмады.

Кездесудің алғашқы кезеңінде есепті астаналық ұжым ашты. Хақназар Кенесбайдың пасынан кейін Николай Шульга Денис Каратаев қорғаған қақпаны дәл көздеді. Кезеңнің ортасына қарай Игорь Ищенко гол соғып, есепті теңестірді. Алайда үзіліске дейін Асанәлі Русланұлы «Номадты» қайтадан алға шығарды.

Екінші кезеңде Александр Пузанов дәл соққысымен есепті тағы да теңестірді. Қалған уақытта командалар бір-бірінің қақпасына шайба енгізе алмады. Ал овертаймның 64-минутына жуық Андрей Кураков гол соғып, «Арланға» жеңіс сыйлады.

Командалар арасындағы қарымта кездесу ертең сағат 17:00-де өтеді.

«Арлан» - «Номад» 3:2 ОТ (1:2, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 05:13 - Шульга (Кенесбай, Мерзликин)

1:1 - 10:04 - Ищенко (Касенов, Бейсембиев)

1:2 - 18:36 - Русланұлы (Цыбин, Саркенов)

2:2 - 25:54 - Пузанов (Басов, Захаров)

3:2 - 63:56 - Кураков

Қақпашылар: Каратаев - Шестаков

IMG_6899.jpeg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Жұлдызды ойсырата жеңді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасына Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуға көмектесті