Бүгін «Номад» қараша айындағы сырт алаңдағы серия аясында алғашқы ойынын өткізіп, Өскемен қаласында «Торпедомен» кездесті. Астаналық ұжым 4:2 есебімен жеңіске жетті. Ойынның алғашқы бөлігінде Саян Данияр, Расул Тұрсынов пен Диас Гусейновтың пасынан кейін төртінші минутта есеп ашты. Одан кейін Диас Гусейнов алаң иелерінің қателігін тиімді пайдаланып, екінші шайбаны соқты. Араға он төрт секунд салып Андрей Рунов мергендігімен жауап беріп, алаң иелері есеп айырмасын қысқартты. Екінші кезеңнің ортасында Олег Бойко Роман Старченконың көмегімен «Номадтың» басымдығын арттырды. Эрик Алдабергенов есепті қысқартуға тырысқанымен, кездесудің соңғы нүктесін Руслан Оспанов қойды.
Енді қос команда ертең қайта кездеседі. Матч 18:30-да басталады.
«Торпедо» - «Номад» 2:4 (1:2, 1:1, 0:1)
0:1 - 03:59 - Данияр (Тұрсынов, Гусейнов)
0:2 - 18:26 - Гусейнов (Муратов) АГ
1:2 - 18:40 - Рунов (Боровиков, Яковлев)
1:3 - 28:36 - Бойко (Старченко)
2:3 - 31:26 - Алдабергенов (Колобов, Пелевин) АГ
2:4 - 58:56 - Оспанов (Колесников, Маңғыспаев) БҚ
Қақпашылар: Пестов - Калмыков
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.