Номад Ақтөбеден басым түсті
16 Қазан 2026

Номад Ақтөбеден басым түсті

Бүгін «Номад» сырт алаңдағы ойындар сериясы аясында «Ақтөбемен» кездесіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың алғашқы кезеңінде Максим Базанов алаң иелерін алға шығарды. Алайда Артур Гросс есепті теңестірді. Кейін Даниил Цыбин дубль жасап, Абылайхан Сулейменов «көшпенділердің» басымдығын үш шайбаға жеткізді.

Алексей Козорез бен Михаил Калиниченко алаң иелерінің есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен кездесудің соңғы нүктесін Александр Мигунов қойды. Ол қақпашысы орнын босатқан қарсыластың қақпасына бесінші шайбаны енгізді.

«Ақтөбе» - «Номад» 3:5 (1:3, 1:1, 1:1)

1:0 - 03:38 Базанов (Хоменко, Курсакбаев)

1:1 - 13:07 Гросс (Мигунов, Утеев)

1:2 - 14:30 Цыбин (Умеренков, Утеев) АГ

1:3 - 17:31 Цыбин (Мигунов, Макаров)

1:4 - 28:38 Сулейменов (Бейсембаев, Цыбин)

2:4 - 31:57 Козорез

3:4 - 48:38 Калиниченко (Козорез, Герасимов)

3:5 - 58:02 Мигунов БҚ

Қақпашылар: Костюков - Дударкиев

IMG_7327.png

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Жұлдызды ойсырата жеңді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасына Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуға көмектесті