Максим Мухаметов мансабын барыста жалғастырады
18 Маусым 2024

Максим Мухаметов мансабын барыста жалғастырады

IMG_2613.JPG

«Барыс» хоккей клубы ресми түрде Максим Мухаметовпен келісімшарт жасасқанын мәлімдейді. Біржақты келісімшарт екі жылға, 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Қазақстандық шабуылшы мансабының барлығын дерлік «Барыс» жүйесінде өткізіп, «Снежные Барсы» мен «Номад» командаларында өнер көрсетті. 2023 жылы ол «Номадқа» Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін алуға көмектесіп, Pro Hokei Ligasy үздік шабуылшысы атанды. Өткен маусымда Максим «Металлург» сапында ҚХЛ-да дебют жасап, тұрақты чемпионаттың 24 матчында 4 (1+3) ұпай еншіледі. Плей-оффта Мухаметов 4 кездесуге қатысып, Гагарин Кубогының иегері атанды.

Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері

- Мухаметов – бірегей шабуылшы, ол орталықта да, шетте де ойнай алады. Өте көп жұмыс атқаруға қабілетті ойыншы, тіпті қорғаныста да. «Металлургте» көп ойын уақытын алмаған болуы мүмкін, алайда Лигадағы дебюті жақсы болды деуге болады. Максим алғашқы матчтардан командаға пайдасын тигізе алады деп сенеміз.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және Спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн