Болашақ кубогы. Қазақстан жастар құрамасы Беларуське есе жіберді
05 Қараша 2026

Болашақ кубогы. Қазақстан жастар құрамасы Беларуське есе жіберді

«Болашақ кубогының» алғашқы ойын күнінде Қазақстан жастар құрамасы шартты түрде алаң иесі саналатын Беларусь құрамасымен кездесті. Максим Худяков шәкірттері 3:5 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесудің алғашқы кезеңінде ойын тізгіні толығымен Беларусь құрамасының қолында болды. Владимир Сивирчуков есеп ашты. Екінші кезеңнің басында Қазақстан құрамасы таразы басын теңестірді. «Снежные Барсы» шабуылшысы Аристарх Киреев Дархан Хафаров пен Артур Глухихтің нәтижелі пасынан кейін турнирдегі командамыздың алғашқы шайбасын соқты. Алайда екінші кезеңнің қалған бөлігінде белорустар басымдық танытты. Владимир Карабаев пен Кирилл Лозовскийдің голдары Беларусь құрамасын алға шығарды.

Шешуші кезеңде «барыстардың» шабуылшысы Таир Бигаринов пен Өскеменнің «Торпедо» клубының түлегі Артур Глухих есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартты. Дегенмен Ярослав Антонов пен Роман Ламанның голдары Беларусь құрамасына жеңіс сыйлады.

Беларусь U20 - Қазақстан U20 - 5:3 (1:0, 2:1, 2:2)

1:0 - 07:58 Сивирчуков (Симонов, Руммо)
1:1 - 22:03 Киреев (Хафаров, Глухих)
2:1 - 24:51 Карабаев (Сансевич, Шатерник)
3:1 - 39:59 Лозовский (Руммо)
3:2 - 48:10 Бигаринов (Ломако)
4:2 - 48:17 Антонов (Симонов)
4:3 - 51:00 Глухих (Нұржанов, Ибрагим)
5:3 - 56:40 Ламан (Сансевич, Шевцов)АГ

Қақпашылар: Русакович - Мыльников.

Матч статистикасы:

• Қақпаға бағытталған соққылар: 73-40
• Қақпаға дәл тиген соққылар: 43-25
• Шайбаға талас: 36-25
• Қарсылас соққыларына тосқауыл қою: 11-20
• Күш қолдану әдістері: 47-27
• Айып уақыты: 2-12

IMG_9312.jpeg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Tomiris

Томирис қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
9 фото
Tomiris

Томирис - Грация

new-preview
Tomiris

Томирис Грацияны жеңді