ҚРПК-2019. "Барыс" - "Ак Барс" 6-1
07 Тамыз 2019

ҚРПК-2019. "Барыс" - "Ак Барс" 6-1

 Қазақстан Республикасы Президентінің мерейтойлық Кубогының бастапқы матчында "Барыс" қазандық "Ақ Барысты" сенімді жеңді.
"Барыстың" қақпасында Эдди Паскуале орналасты, басқа жаңа ойыншылар: Корбэн Найт, Ииро Пакаринен, Леонид Метальников, Адам Хелука және Никита Клещенконың дебюті болды. Жас форвард Батырлан Муратов құрамдағы өз орнын иеленді. 
         Жеңіске 7-ші минутта соғылған Никита Михайлистің голы бастама болды. Бірнеше ауысымнан кейін "Барыстың" бұрынғы ойыншысы Мэтт Фрэттин тепе-теңдікті қалпына келтірді. Бірақ, үзілістен бұрын "Барыс" көшбасына келді– Панюков пен Хелука қақпа маңындағы алаңқайда керемет ойын көрсетті. 
         Екінші кезеңде Дастин Бойд, Даррен Диц мен Батырлан Муратов есепті 6:1- ге жеткізді. Мұратов үшін бұл шайба "Барыс" күртешесіндегі бірінші шайба болды. Үшінші кезеңде командалар шайба салмады. Бейсенбі күні "Барыс" "Нефтехимикпен" ойнайды.

"Барыс" – "Ак Барс" – 6:1 (3:1, 3:0, 0:0)

1:0 Михайлис (Бойд) 06:39
1:1 Фрэттин (Азеведо, Ожиганов) 10:35 ГБ
2:1 Панюков (Найт, Петухов) 15:32
3:1 Хелука (Диц, Найт) 17:24 ГБ
4:1 Бойд (Блэкер, Найт) 27:15
5:1 Диц (Пакаринен, Найт) 30:14 ГБ
6:1 Муратов (Сагадеев) 36:47

Қақпашылар: Паскуале-Райдеборн, Мисбахов

Матч кестесі мен нәтижелері

7 тамыз (сәрсенбі)

"Нефтехимик" - "Автомобилист"-1:5

19:30 "Барыс" – "Ак Барс" – 5:1

8 тамыз (бейсенбі)

15:00 "Ак Барс"-"Салават Юлаев"

19:30 "Барыс" – "Нефтехимик"

9 тамыз (жұма)

15:00 "Ак Барс" – "Нефтехимик""

19:30 "Салават Юлаев" - "Автомобилист"

10 тамыз (сенбі)

13:00 "Нефтехимик" – "Салават Юлаев"

17:00 "Автомобилист" – "Барыс"

11 тамыз (жексенбі)

13:00 "Автомобилист" – "Ак Барс"

17:00 "Салават Юлаев" – "Барыс"


 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады