Кирилл Савицкий Барыста қалды
10 Маусым 2026

Кирилл Савицкий Барыста қалды

«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Савицкиймен келісімшартты ұзартты. Тараптар 2027 жылдың 31 мамырына дейін жарамды біржақты келісімшартқа қол қойды.

Өткен маусымда «Барыстың» капитаны болған Савицкий ҚХЛ-дегі мансабындағы ең нәтижелі маусымдарының бірін өткізді. Ол 56 кездесуде 6 шайба соғып, 12 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, команданың шабуылшылары арасында ең жоғары пайдалы әрекет коэффициентін (+3) көрсетті. Ол 24 күштік әдіс жасап, 28 соққыға тосқауыл қойды. Мұз айдынындағы орташа ойын уақыты 14 минутты құрады.

«Барыс» клубының бас менеджері Леонид Метальников:

- Кирилл - тәжірибелі шабуылшы ғана емес, команданың көшбасшыларының бірі. Ол өткен маусымда капитандық міндетті абыроймен атқарып, мұны іс жүзінде дәлелдеді. Сондықтан оны құрамда сақтап қалу біздің басты міндеттеріміздің бірі болды. Оның мінезі, жанкештілігі, ойын жүйемізді терең түсінуі және кем құрамда ойнауы, атқаратын ауқымды жұмысы - алдағы уақытта командамызды қалыптастырудағы маңызды негіздердің бірі болмақ.

«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын» қолдау қоры.

sava.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Логан Дэй – Барыстың жаңа ойыншысы

new-preview
Barys

Барыстың трансфер кезеңі ашылған күндегі жаңалықтары

new-preview
Barys

Барыс Мұратов, Шил және Мухаметовқа квалификациялық ұсыныс жасады