Кирилл Савицкий: "Ойын әуре-сарсаң күйде өтті"
02 Наурыз 2019

Кирилл Савицкий: "Ойын әуре-сарсаң күйде өтті"

Латвия қақпасына дубль жасаған Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Савицкий біздің команданың Универсиадада өткен алғашқы матчқа түсініктеме берді.

- Кирилл, ойын сәл қызу басталған сияқты.

- Кез келген турнирдің алдында әр спортшының бойында толқу болады. Сондықтан біз біраз уайымдадық. Екі ауысымнан кейін ойынға етене кіріскен соң ойын әдеттегідей өтті.

- Жалпы алғанда ойын қалай өтті?

- Ойын әуре-сарсаң күйде өтті, ойын алдында ойлағанымыздың бәрі орындалмады. Бірақ командалардың деңгейі әртүрлі, сондықтан есеп айырмашылығы да алшақ болды. Әрине ойын оңай болды дей алмаймыз, қарсыластар жармасып ойнады.

- Ойыншыларды алаңнан жиі шығарып жіберу осы себепті болды ма?

- Иә, қарсыласымыз артымыздан әрдайым үлгермеді, кейде дөрекі ойнады. Сондықтан алаңнан шығарылды, осы сәттерді біз ұтымды пайдаландық.

- Красноярскідегі ахуал-жағдай қалай, шет-жағасын айтып өтсең?

- Жағдай өте жақсы, бірақ бөлмелерде теледидар жоқ, кешкі уақытта көңілің жабырқап қалады. Бірақ шахмат сияқты басқа ойын-сауық, ойын приставкалары орналасқан аймақтар бар, бұған қоса жай ғана серуендеуге болады. Әзірге «Планета» сауда-ойын-сауық орталығына барып уақыт өткіздік, оның іші үлкен әрі жақсы жасалған. Көп ұзамай Универсиаданың ашылу рәсімі болады, оған қатысуымыз әзірге белгісіз, ең болмағанда ойынды Интернеттен көріп тамашалаймыз.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
15 фото
Barys

Амур - Барыс

video-preview
Barys

Жеңіс бөлме | «Адмирал» - «Барыс»

new-preview
12 фото
Barys

Адмирал - Барыс